Жаңалықтар

Африка одағының комиссиясы Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандырмақ

Бұл туралы СІМ мәлім етті
Африка одағының комиссиясы Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандырмақ
Фото: gov.kz 09.01.2023 18:34 2079

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Африка одағы комиссиясының Бас директоры Фаталлах Сиджилмассимен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Африка одағы комиссиясы арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Сұхбаттастар біріккен Африканың жаһандық ойыншы ретіндегі өсіп келе жатқан геосаяси салмағын, континенттегі қуатты индустрияландыруды, сондай-ақ африкалық пен халықаралық күн тәртібіндегі бейбітшілік, қауіпсіздік және даму мәселелерін шешуге Қазақстан мен Африка елдерінің көзқарастарының ұқсастығын атап өтті.

Елші Қазақстанның Африка елдерінде орналасқан АО Комиссиясымен және АО басқа да субсидиарлық органдарымен Африкадағы тұрақты дамуды ілгерілету, сенім шаралары, дамуға техникалық және гуманитарлық көмек саласындағы бірлескен жобаларды ұйымдастыруға мүдделілігін атап өтті.

Атап айтқанда, Б. Садықов Африка елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, өңіраралық сауданы бірлесіп ілгерілету, сондай-ақ ЕАЭО-дан Африкаға және кері қарай тауарларды өзара жеткізудің неғұрлым оңтайлы логистикалық тізбегін қалыптастыру үшін ең қысқа көлік дәліздерін айқындау саласындағы өзара іс-қимылдың перспективаларына егжей-тегжейлі тоқталды.

АО Комиссиясының жоғары өкілі Ф. Сиджилмасси өз тарапынан осы ұсыныстарды қолдап, аталған бағыттар бойынша Қазақстанмен серіктестікке қызығушылық білдірді. Ол сондай-ақ қазақстандық тарапты ағымдағы жылғы 18-19 ақпанда Аддис-Абебада өтетін Африка одағының алдағы 36-шы жыл сайынғы саммитіне қатысуға шақырды.

Жалпы, тараптар ынтымақтастықтың барлық перспективалы бағыттары бойынша одан әрі жұмысты жандандыруға келісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға