Жаңалықтар

АЭС туралы түсіндіру жұмыстары 400 күнге созылды - Ерлан Қарин

АЭС туралы түсіндіру жұмыстары 400 күнге созылды - Ерлан Қарин
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 04.10.2024 13:18 544

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдум аясында тура 400 күнге созылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін елімізде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдум аясында тура 400 күнге созылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталады. Оны Қазақстанның саяси тарихындағы ең ұзақ науқан деуге толық негіз бар. Неге 400 күн? Себебі Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы идеясын былтыр, яғни 2023 жылғы 1 қыркүйекте кезекті Жолдауында айтты. Дәл сол күні референдумға қатысты ауқымды жұмыс басталды деуге болады. Осы уақыт ішінде әр аймақта қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды, ақпарат кеңістігінде сарапшылар мен қоғам белсенділері жан-жақты пікір алмасты, - деп жазды Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші халықтық штабтардың жұмысына тоқталды.

Рефендум кезінде еліміздегі қоғамдық күштер алғаш рет саяси емес, экономикалық мүдде тұрғысынан күш-жігерін біріктіргенін атап өткен жөн. «Amanat» партиясының бастамасымен 6 саяси партия және 20-дан астам қоғамдық бірлестік Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрды. Штаб мүшелері барлық өңірдің тұрғындарымен кездесу өткізді, оған энергетика саласының жетекші сарапшылары мен мамандары қатысты.  Осылайша, азаматтарымыздың Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға қатысты байыпты тоқтамға келуіне мүмкіндік берілді, - деп жазады Қарин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға