Жаңалықтар

АЭС толық жұмыс істеуі үшін атом энергетикасы саласында жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет

АЭС толық жұмыс істеуі үшін атом энергетикасы саласында жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет
Фото: Астана қаласының мәслихаты 20.08.2024 11:00 315

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, атом энергетикасы объектілері үшін мамандарға қажеттілік шамамен 2000 адамды құрайды, оның 1600-і жедел персонал. Астана мәслихатының мәліметінше, мұндай нысандардың толыққанды жұмыс істеуі үшін атом энергетикасы саласында жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Ядролық физика институты» РМК Бас директоры Саябек Сахиев Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша көпшілік талқылау барысында айтты.

Атом энергетикасы саласындағы қажетті мамандар Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Астанада Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Өскемендегі екі университетте даярланатын болады. Қазіргі уақытта 1649  студент «Ядролық физика», «Ядролық энергетикаға арналған материалдар» және «Ядролық физика және атом энергетикасы» бағыттары бойынша оқудан өтті. Осы мамандықтар бойынша оқитын студенттер негізгі тәжірибеден өту үшін Ядролық физика институты мен Ұлттық ядро орталығын таңдай алады. Біздің институт 30-дан астам халықаралық ғылыми орталықпен және оқу орындарымен ынтымақтасады, - деді Саябек Сахиев.                  

Еске сала кетейік, осыған дейін атом энергетикасы объектілері үшін мамандарға қажеттілік шамамен 2000 адамды құрайтыны туралы айтылды. Оның ішінде 1600-і жедел персонал қатарында болады. Жалпы АЭС толық жұмыс істеуі үшін жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға