Жаңалықтар

АЭС қызметінің қалдықтарына не болады?

АЭС қызметінің қалдықтарына не болады?
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 27.08.2024 12:01 392

Үкіметтің баспасөз брифингінде АЭС қызметінің қалдықтарына қатысты Ядролық физика институты бас директоры Саябек Сахиев түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

El.kz тілшісі: «АЭС қызметінің қалдықтарына не болады? Оларды қайта өңдей ме, әлде сақтап қоя ма? Бұл қоршаған ортаға және ауыл тұрғындарының денсаулығына қалай әсер етеді?» деп сұрады.

Аталған сауал бойынша «Ядролық физика институты» бас директоры Саябек Сахиев жауап берді, оның сөзінше, ядролық институтта су-сулы зерттеу реакторлары бар.

Зерттеу реакторлары мен атом электр станциясының талаптары бірдей. Институт базасында зерттеу ядролық реакторы 57 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде үш ұрпақтан астам ғалымдар мен инженерлер ауысты. Бұл уақыт аралығында бір де бір оқыс оқиға тіркелген жоқ. Біз бұл реакторлардың ең қауіпсіз түрі екенін растаймыз, – деді Сахиев.

Сондай-ақ зерттеу ядролық реакторының жанында Алатау шағын ауданы орналасқанын, 80-жылдардың басында онда 4 мыңнан астам адам тұрғанын, қазір шағын ауданның халқы 15 мыңнан асқанын атап өтті.

Бұл жерде қауіпті болатын болса, онда халық жиналмас еді. Екі жыл бұрын біз 50 еріктіге жеке детекторлар тараттық. Бүгінгі күні радиациялық деңгейдің нормадан асып кеткен бір де бір жағдайы тіркелген жоқ, бұл, әрине, реакторлардың радиациялық және экологиялық қауіпсіздігін тағы да дәлелдейді, – деді Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға