30 Қыркүйек 2025, 10:15

АЭС-ке арналған арматураны кімдер жасайды?

«El.kz» порталының арнайы жобасы - «Біздің Brand» шығармашылық ұжымы Өскемен арматуралық зауытына барып қайтты. Қазақстандағы ең ірі өндіріс орындарының бірі саналатын Өскемен арматура зауыты - еліміздің индустрия саласында маңызды орынға ие. Мемлекеттік қолдаудың арқасында зауыт жыл сайын өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа технологияларды енгізіп, өнім сапасын халықаралық деңгейге жеткізіп отыр. Бұл зауытта мұнай-газ, энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларына қажетті арматура өнімдері дайындалады. Бүгінгі таңда кәсіпорын ішкі нарықпен қатар шетелдік нарыққа да белсенді түрде өнім дайындайды. Біздің шығармашылық ұжым зауыттың жұмыс барысымен танысып, өндірістің қалай жүретінін көзбен көрді. Зауыт туралы толығырақ білгіңіз келсе, шығарылымды көріңіз.