Жаңалықтар

АЭС атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығармайды – сарапшы

АЭС атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығармайды – сарапшы
Фото: жеке мұрағат 01.10.2024 15:00 1057

Қазір қоғам атом энергетикасының пайдасы мен зиянын жан-жақты талқыланып жатыр. Осы ретте  El.kz тілшісі «Байтақ» жасылдар партиясының аппарат басшысы Бекберген Керейден АЭС-тің экологиға қалай әсер ететінін сұрап білді.

Сарапшының сөзінше, былтырғы жылы Дубайда өткен СОР-28 климаттық саммитте атом электр станциялары өзінің жасыл энергия екенін дәлелдегенін жеткізді.

АЭС-терде парниктік газдар шығарындылары жоқ және ол жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруінің негізгі себептері екенін, көмірқышқыл газын, метанды және басқа парниктік газдарды шығармайтынын жеткізді.

АЭС атмосфералық ауаға зиянды шығарындыларды азайту және Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жолындағы маңызды құралға айналдырады. Жаңартылатын энергия көздерінен артықшылықтары тәулік бойы 24/7 және маусымға қарамастан, энергия тиімділігі 90% - ды құрайтын электр энергиясын өндіреді. Ал салыстырмалы түрде ЖЭК-те энергия тиімділігі 40% - дан аспайды, – деді сарапшы.

Сондай-ақ ЖЭК көлемінің өсуімен өз мерзімін өтеген жабдықтарды болашақта кәдеге жарату проблемасы туындайтынын жеткізді.

Бүкіл әлемде атом энергетикасының бүкіл кезеңінде пайдаланылған ядролық отынның көлемі небәрі 370 мың тоннаны құрады, оның 1/3 бөлігі бүгінгі таңда қайта өңделген. Атом электр станциясының қызмет ету мерзімі – кем дегенде 80 жыл, оның өтелу мерзімі 20 жыл (25%) және энергияның бірде-бір түрі мұндай экономикалық параметрлерге ие емес. Атом электр станциялары бірдей қуаттағы күн және жел электр станцияларына қарағанда едәуір аз аумақты алады, – дейді Бекберген Керей.

Бұл ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа да мақсаттар үшін құнды жерлерді сақтауға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

Ал көмір және газ электр станцияларынан айырмашылықтары АЭС-тер атмосфералық ауаға күкірт пен азот оксидтерін, қатты бөлшектерді және басқа да ластаушы заттарды шығармайды. АЭС-терден қатты тұрмыстық және күл-қоқыс шықпайды. Қазіргі заманғы атом электр станциялары сумен жабдықтаудың тұйық циклін пайдаланады, бұл суды тұтынуды айтарлықтай төмендетеді және АЭС-тер су объектілеріне зиянды заттарды тастамайды, – деді «Байтақ» жасылдар партиясының аппарат басшысы Бекберген Керей.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға