Жаңалықтар

Адвокат Нүкенованың мәйтіне жасалған сот-медициналық сараптама қорытындысын оқыды

Адвокат Нүкенованың мәйтіне жасалған сот-медициналық сараптама қорытындысын оқыды
Фото: t.me/Jogargy_sot 04.04.2024 16:35 1463

Астанада Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот отырысының екінші бөлігінде жәбірленуші тараптың адвокаты Әлия Омарова Нүкенованың мәйітіне жасалған сот-медициналық сараптаманың қорытындысын оқып берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Нүкенованың өлімінің тікелей себебі - бассүйек-ми жарақаты және қауіпті бассүйек ішілік жарақат пен субдуральді қан құйылу болған, - деді Омарова.

Сараптама қорытындысына сай Нүкенова өзі құлаған кезде оның денесіне залал келмеген.   

Одан кейін адвокат Салтанат Нүкенованың қанында алкоголь бар-жоғын тексеру қорытындысын оқыды.  

Сараптама бойынша зәрде 1,82 ‰, қанда 0,31 ‰ анықталды. Бұл тірі адамның ағзасына алкогольдің аз әсері ретінде бағаланады. Қандағы этил спиртінің шамалы болуына байланысты бұл жағдай жеңіл алкогольдік мастану ретінде де қарастырылмайды. Осыған байланысты оны ағзадағы қандай да бір патологиялық жағдайдың ағымына әсер ететін маңызды фактор деп санауға болмайды, - деді Әлия Омарова.

Бұған дейінгі өткен сот отырысында Бишімбаев оқиға болған күнгі жағдайды баяндап берді. Сөзінше, Салтанат Нүкенова мас болған және әжетханада құлап қатты соққы алған. Сондай-ақ екеуі сөйлесіп тұрған кезде Бишімбаев «қалағаныңды істе» деген оймен Салтанатты ашуланып жібере салған. Салдарынан ол жерге құлаған. Ауыр соққылардан соң Салтанат өзін жайсыз сезінгенде Бишімбаев балгерге хабарласқан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға