Жаңалықтар

Adrenaline Tengri Ultra марафоны кезінде ер адам қайтыс болды

Adrenaline Tengri Ultra марафоны кезінде ер адам қайтыс болды
Фото: shebaonline.ru 09.05.2023 19:06 1258

Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Бұл туралы Orda.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде 7-9 мамыр аралығында Іле өзенінің аңғарында өткен Adrenaline Tengri Ultra марафонына қатысқандардың бірі көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болды.

Дәрігерлерді ұзақ күттік. Ешкім оларға қоңырау шала алмады. Жігіттердің бірі жүгіріп барып шақырып келді. Сол аралықты 7-10 минуттай өтті. Көмекке өрт сөндірушілер келді, - дейді марафонға қатысушы.

Ал Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жігіт жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын айтады.

Сондықтан біз түсініктеме бере алмаймыз. Медициналық сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Мән-жайды солар түсіндіреді, - деп хабарлады ведомстводан.

Tengri Ultra марафоны – Орталық Азиядағы ең ірі ультрамарафон. Ол 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Tengri Ultra трассалары дала, шатқалдар мен каньондар арқылы өтеді. Әртүрлі қашықтық бар: 15, 35, 50 және 100 шақырым.

Бұл марафонды 7 мамырда Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ресми түрде ашқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға