Жаңалықтар

Әділетті Қазақстанда білім құндылығы бірінші орында тұрады

Бұл туралы Аманат партиясының Telegram каналында жарияланды
Әділетті Қазақстанда білім құндылығы бірінші орында тұрады
Фото: Аманат партиясы 26.10.2022 14:59 1551

Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанда білім құндылығы бірінші орында тұратындығын айтты. Бұл туралы El.kz Аманат партиясының Telegram  каналына сілтеме жасап хабарлайды.

- Елімізде әлеуметтік салаға қаржы бөлу амалсыздан жасалатын шара деген түсінік бар. Мұндай түсінікті түбегейлі өзгертеміз.
Бұдан былай осы салаға бөлінетін қаражат адам капиталына салынатын тікелей инвестиция болып есептеледі. Мемлекеттің азаматтарға жұмсайтын барлық күш-жігері және қаржысы тұрақты әлеуметтік дамуға, экономиканы өркендетуге негіз болады. Әділетті Қазақстанда білім құндылығы бірінші орында тұрады. Біз бала тәрбиесіне баса мән береміз. Дарынды, білімді және отаншыл жастар көп болған сайын, халықтың әл-ауқаты да жақсара түседі. Біз оқу-ағарту саласындағы теңсіздікті жою үшін нақты шаралар қабылдаймыз, – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға