Жаңалықтар

Әділет министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

Әділет министрлігінің ресми өкілі тағайындалды
Фото: gov.kz 17.01.2023 15:31 1247

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі - баспасөз хатшысы болып Талғат Уәли тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Талғат Қанатұлы Уәли 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.

 2009 жылы «Қайнар» Семей университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Семей қалалық ТВК-6 телеарнасының журналисті болып бастаған.

2011 жылы «Qazaqstan» РТРК Семей филиалында жетекші редактор.

2012 жылы «ЭРА» телекомпаниясы» ЖШС (7 арна) жаңалықтар қызметінде журналист болған.

2015 жылы "Хабар" Агенттігі" АҚ жаңалықтар қызметінде журналист.

2016 жылдан бастап «Atameken Business Channel» телеарнасының Жаңалықтар қызметінде президенттік пулдың арнайы корреспонденті, тележүргізушісі және журналисті болған.

 Бұған дейін ол ҚР Төтенше жағдайлар мимнистрлігінің Ресми өкілі болып қызмет істеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға