Жаңалықтар

Әділет министрлігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
Әділет министрлігінде  бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Фото: Үкімет 14.02.2023 13:00 1521

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ботагөз Жақселекова 1980 жылы Қостанай облысында туған.  

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Exeter University, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 

Еңбек жолын ҚР Әділет министрлігі Кадр жұмысы басқармасының маманы қызметінен бастаған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Даниель Мерейұлы Ваисов Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Даниель Ваисов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

«Әділет» жоғары құқық мектебін, Нархоз университетін, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінде жеке келісім-шарт негізінде оператор болып бастаған.

Әділет министрлігінде  бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға