Жаңалықтар

Әділет министрлігі тағы бір онлайн қызметті іске қосты

Онда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге болады
Әділет министрлігі тағы бір онлайн қызметті іске қосты
Фото: 24.kz 06.02.2023 23:17 1116

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді egov.kz сайтында бір жұмыс күні ішінде жасауға болады, деп хабарлайды El.kz Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, сондай-ақ «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ-мен бірлесіп Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жеңілдету бойынша жаңа жобаларды қолға алды.

Ол үшін egov.kz сайтында авторизациядан кейін «Бизнес» → «бизнесті тіркеу және дамыту» → «Бизнесті тіркеу және тарату» → «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» бөлімінде тиісті өтінімді толтыру қажет.

Өтінімде жылжымалы мүліктің түрін көрсету, растайтын құжатты бекіту, электрондық төлем жасау және ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.

Өтінімді өңдеу нәтижесін Жеке кабинетте, «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде бақылауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға