Жаңалықтар

Әділет министрлігі әкімшілік заңнаманы жетілдіру тәсілдерін баяндады

Әділет министрлігі  әкімшілік заңнаманы жетілдіру тәсілдерін баяндады
Фото: gov.kz 27.01.2023 13:41 1549

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова әкімшілік заңнаманы жетілдіру тәсілдері бойынша баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өз баяндамасында Әділет вице-министрі қазіргі уақытта Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты бастағанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын 4 негізгі бағытқа бөлуге болады:

Біріншіден, әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін әкімшілік әділет саласына көшіру мүмкіндігін қарастыру;

Екіншіден, Азаматтық процестік кодексінің қоғамдық-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске көшіру;

Үшіншіден, Азаматтық процестік кодексінің «Нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы істер бойынша іс жүргізу» 30-тарауын әкімшілік әділет саласына көшіру;

Төртіншіден, қолданыстағы институттарды түзету және жаңаларын имплементациялау мақсатында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

2022 жылдың қарашасында Жоғарғы Сот Республика соттарының 12 ай ішінде әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруына талдау жасады.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізілген сәттен бастап соттарға 27 629 талап  (2021 жылы – 14 469, 2022 жылы-13 160 талап) келіп түсті.

Қанағаттандырылған талаптардың пайызы (толық және ішінара) талапкердің пайдасына - 52%, әкімшілік органның пайдасына 48% шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, 2021-2022 жылдарды салыстыру кезінде 2022 жылы талаптарды қанағаттандыру көрсеткіші 8% - ға өсті.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында 5 негізгі бағытқа бөлуге болады:

Бірінші, әкімшілік құқық бұзушылықтарды салалық нормативтік құқықтық актілерге көшіру мәселесі бөлігінде әкімшілік әділеттің қолданылу аясын кеңейту;

Екінші, нормативтік құқықтық актілердің нақтыланбаған талаптары үшін санкциялардан тұратын Әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамының диспозицияларын алып тастау/түзету;

Үшінші, қоғамдық жұмыстар түрінде әкімшілік жаза қарастыру және оның орындалу механизмін, сондай-ақ оны қолдануға болатын ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігінің құрамын анықтау;

Төртінші, конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысын және оның елдегі конституциялық заңдылығының жай-күйі туралы жолдауларын іске асыру;

Бесінші, әкімшілік-деликтлік заңнамасын одан әрі жетілдіру.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға