Әділбек Мусин - қола жүлдегер. Ел қоржынына тағы бір медаль түсті
28.09.2023 17:46
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Азия ойындарының төрт дүркін қола жүлдегері Әділбек Мусин жүзуден финалдық бәсекеде бақ сынады, деп хабарлайды El.kzақпараттық агенттігі.
50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында Әділбек Мусин қола жүлдеге ие болды.
1. Инчул Баек (Оңтүстік Корея) — 23.29 секунд
2. Вей Теонг (Сингапур) — 23.34 секунд
3. Әділбек Мусин (Қазақстан) — 23.44 секунд.
Айта кетейік, жерлесіміз 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында да 2 мәрте қола жүлдеге ие болған еді.
Қазіргі кезде Қазақстанда үш алтын, үш күміс 15 қола медаль бар. Жалпы командалық есепте 9-орындамыз.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

