Жаңалықтар

Әділ және тиімді экономикалық саясат жүргізілуі керек - Тоқаев

Әділ және тиімді экономикалық саясат жүргізілуі керек - Тоқаев
Фото: Ақорда 12.12.2022 12:31 1546

Елімізде әділ бәсеке орнап, бизнес адал жұмыс істесе , әділетті нарықтық экономика құрылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында  ҚР Президенті айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметі сілтеме жасап.

"Әділ және тиімді экономикалық саясат жүргізілуі керек. Елімізде әділ бәсеке орнап, бизнес адал жұмыс істесе, әділетті нарықтық экономика құрылады. Ең алдымен, отандық кәсіпкерлердің сенімін арттыру өте маңызды. Экономиканы монополиядан арылту үшін мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл комиссия қажетті жұмысты тиімді жүргізіп жатыр.

Қазір жеке меншікке заңсыз өтіп кеткен активтерді қайтаруға баса мән беріліп отыр. Бірақ кейбір мәселелер назардан тыс қалып барады. Экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту, монополистерді өзіне жанама қатысы бар нарықтың қызметіне араластырмау – өте маңызды жұмыс. Әкімшілік кедергілерді азайтып, нарыққа баға белгілеу арқылы қысым жасауды тоқтату керек»-деді президент

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға