Жаңалықтар

Адиев құрамадан кете ме? Федерация президенті жауап берді

Адиев құрамадан кете ме? Федерация президенті жауап берді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 29.04.2024 23:40 768

Футболдан қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің ресейлік «Ахмат» клубын да қатар жаттықтырып жүргені белгілі. Сондықтан соңғы уақытта Адиевтің құрамадан кетуі мүмкін екені жиі айтылады бастады. Ал бұл сұрақтың жауабын Қазақстан футбол федерациясы президенті Әділет Барменқұлов берді. Ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында бас бапкердің болашағына қатысты шешімін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

– «Ахмат» ФК Магомед Адиев жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда, келісімшартты ұзартуға дайын екенін мәлімдеді. Бұған қатысты қандай шешім қабылданады?

– Клуб басшылығының бұл жөнінде маған хабарласқаны құпия емес. Магомед Мұсаұлы 1 маусым еңбек демалысы кезінде қайда болатынын өзі шешеді. Бұл туралы өзара келісіміміз болды. Магомед Мұсаұлы туған клубына көмектесемін деп дұрыс шешім қабылдады. Қазіргі уақытта екі жақты қатар алып жүру бойынша келіссөз жүріп жатыр. Барлық тараптың да көңілінен шығатын шешім қабылдануы керек. Егер ұлттық құрамаға кері әсерін тигізетін болса, басқа шешімді қарастырамыз, – деді Барменқұлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға