«Әдемі дәстүр». Ерке Есмахан баласын бесікке салғанын көрсетті
Фото: instagram.com/erke_esmahan
Фото: instagram.com/erke_esmahan
15.01.2024 09:41
3897
Танымал әнші Ерке Есмахан екінші ұлын бесікке салу дәстүрі жасалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нәрестеге қатысты тағы бір әдемі дәстүр жасалды. Исламды бесікке салдық. Әжелері түбегін, шүмегін салып, бауын тартып, жабуын жауып, “тыштымасын” жасап, бәріміз бесік жырын айтып бір тойлап алдық. Аллаға шүкір! Ұйқың тәтті болсын, бөпешім!, - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әдемі көрініске сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді.
«Байбақтылардың ұрпағын көбейте бер», «Құтты болсын бесігі,ұйқысы тыныш болсын Ислам батырдың», «Сәби иісін аңсаған барша қыздарға жұғысты болсын!», «Әдемі көрініс», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы бірқатар тағайындау жасады