«Адамзаттың Абайы» айтысында Мақсат Ақанов бас жүлде иеленді
Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік аясында Семейде өткен «Адамзаттың Абайы» республикалық ақындар айтысы мәреге жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өнер додасында еліміздің әр өңірінен келген он екі айтыскер бақ сынаған болатын. Олардың қатарында Айбек Қалиев, Мақсат Ақанов, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Шұғайып Сезімхан, Айбек Жеңісқазин, Серік Қуанған, Қуандық Кенжебекұлы, Өміржан Көпбосынов сында белгілі ақындар болды.
Айтыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Әсем Ережеқызы мен Жансая Мусина (1 млн теңге), екінші орынды Айбек Қалиев пен Мейірбек Сұлтанхан (1 жарым млн теңге) иеленді. Ал бірінші орын алған Рүстем Қайыртайұлына 3 млн теңге табысталды. Ал бас жүлдеге тігілген автокөлікті қарағандылық Мақсат Ақановқа бұйырды.
Сондай-ақ, айтысқа қатысқан басқа да ақындарға 500 мың теңгеден берілді. Ақын Қуандық Кенжебекұлы Сиязбек Сүлейменов әулетінің арнайы жүлдесіне (200 мың теңге) ие болды. Облыс әкімінің арнайы жүлдесі (500 мың теңге) Мұхтар Ниязовқа табысталды.

