Жаңалықтар

Адамзаттың қуанышына орай жойылып кеткен 10 жануар

Біздің пайда болуымызға дейін бірнеше миллион жыл бұрын көптеген өзге үстем тіршілік иелері болған және олар, біздің қуанышымызға орай, бізге дейін жетпей жойылып кеткен.
05.11.2015 05:59 16163

Бүгінгі таңда Жердегі үстем тіршілік иесі – адам.  Алайда біздің пайда болуымызға дейін бірнеше миллион жыл бұрын көптеген өзге үстем тіршілік иелері болған және олар, біздің қуанышымызға орай, бізге дейін жетпей жойылып кеткен. Егер олар осы күнде өмір сүретін болса, адамзаттың тағдыры белгісіз болар еді.

1. Аргентавис

Адамзаттың қуанышына орай жойылып кеткен 10 жануар

Аргентавис 5-8 миллион жыл бұрын Аргентинада өмір сүрген. Салмағы 70 килограмм, бойы 1,26 метр, қанаттарының құлашы 7 метрге дейін жететін болған. Аргентавистің бас сүйегінің ұзындығы 45 см, ал иық сүйектері жарты метрді құраған. Осы өлшемдердің барлығы Аргентавистің ғаламшарымыздың тарихындағы ең алып ұшатын құс екендігін көрсетеді. Мамандардың айтуынша, мұндай алып құс жоғары сапалы планер секілді ұшатын болған. Ол өлшемдері бойынша «Цессна 152» аэропланына жақын. Зерттеушілер бұл құстың қалай ұша білгенін әлі білмейді.

2. Дунклеостей

Адамзаттың қуанышына орай жойылып кеткен 10 жануар

Дунклеостей ежелгі дәуірдегі ең ірі сауыты бар плакодерм тұқымдасына жататын балық. Оның басы мен көкірегі бунақ-бунақ брондалған пластинамен жабылған. Тістердің орнына ол екі өткір сүйек пластиналарын пайдаланды. Дунклеостейті плакодерм тұқымдасындағы тістері брондалған пластиналарды тесе алатын өзге тіршілік иелері жойып жіберуі мүмкін.

Табылған нұсқаларының ішіндегі ең ірісінің ұзындығы 10 метр, салмағы 4 тонна. Ол тамақ талғамады: балық болсын, акула болсын, тіпті өзінің жақын туыстарын да жұта берді. Бұл алып балықтар девон дәуірінен тас дәуіріне ауысарда жойылып кеткен.

3. Теңіз сарышаяны немесе эвриптерид

Адамзаттың қуанышына орай жойылып кеткен 10 жануар

Бұл алып теңіз жәндігі сарышаян мен омардың қосындысындай көрінеді. Теңіз сарышаяндары бүгінгі сарышаяндарға ұқсағанымен, өзге түрге – эвриптеридтерге жатады. Олар Жерде миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп келді, алайда Пермь дәуірінің соңында жойылып кетті. Алғашқы формалары теңіздің таяз жерлерінде өмір сүрді. Шамамен 325-299 миллион жыл бұрын тұщы суға ауысты. Бұл жәндіктің ұзындығы екі метрге дейін жететін болған.

4. Эндрюсарх

Адамзаттың қуанышына орай жойылып кеткен 10 жануар

Жойылып кеткен сүтқоректі жыртқыштардың ішіндегі ең алыбы да осы эндрюсарх болуы мүмкін. Ол Орталық Азия территориясында орта және кейінгі Эоцен дәуірінде өмір сүрді. Бас сүйегінің ұзындығы – 83 см, жақ сүйегінің доғасы – 56 см, денесі одан да ірі болуы мүмкін. Салмағы 1 тоннаға жете алатын болған. Эндрюсарх 45–36 миллион жыл бұрын өмір сүрген.

5. Кетцалькоатль

Адамзаттың қуанышына орай жойылып кеткен 10 жануар

Бұл – аспанға көтеріле білген ең алып тіршілік иелірінің бірі. Атауы ацтектердің құдайы Кетцалькоатльдің (қанатты жылан ретінде танымал болғаны үшін) құрметіне қойылған. Кетцалькоатль кейінгі бор дәуірінде өмір сүрген. Оның қанаттарының құлашы 12 метр және бойы 10 метрге дейін жеткен. Алайда оның салмағы соншалықты ауыр болмаған, бар-жоғы центнер ғана. Салмағының аз болуы сүйектерінің іші бос болуына байланысты. Жануардың өз азығын жинауға мүмкіндік беретін өткір тұмсығы болған. Негізгі қорегі: балық, өлген динозаврлардың қалдықтары және т.б. Тасқа айналған сүйектері алғаш рет 1971 жылы Техастағы Биг-Бенд саябағында табылған.

6. Гигантопитек

Адамзаттың қуанышына орай жойылып кеткен 10 жануар

Аты айтып тұрғандай, бұл алып маймыл орангутанның туысы. Ол бамбук өсімдігі арасында, Джунглиде және Қытай, Үндістан, Вьетнам тауларында плейстоцен кезеңінде өмір сүрді. Гигантопитектер 3 метрге дейін өсіп, салмағы 550 килограммға дейін жеткен. Бұл жануар 300 мың жыл бұрын жойылып кеткен.

7. Азуы алты қарыс жолбарыс немесе тилакосмил

Адамзаттың қуанышына орай жойылып кеткен 10 жануар

Sparassodonta отрядына жататын қалталы жыртқыш миоцен дәуірінде (10 миллион жыл бұрын) өмір сүрген. Бас сүйегінен зерттегенде азуының мықты екенін аңғаруға болады. Ірі шөпқоректілермен қоректенуі мүмкін. Тилакосмиланы көбіне азуы алты қарыс жолбарыс жеп атайды.  Плиоцен кезеңінің соңында жойылып кеткен.

8. Геликоприон

Адамзаттың қуанышына орай жойылып кеткен 10 жануар

Бұл жануар тісінің шиыршықты формасымен ерекшеленеді. Геликоприон тас дәуірінде өмір сүрген болып саналады. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл балық пермь-триас дәуіріндегі жаппай қырылудан аман қалған сирек жануарлардың бірі. Алайда триас дәуірінің соңында геликоприон бәрібір жойылып кетті. Ғалымдар табылған сүйектердің негізінде жануардың мүмкін болған формасын келтірді. Оның тістерінің көп болғаны сонша, ескі тістері ортаға жылжып шиыршық формасын жасаған. Алайда жаңа теориялар бойынша шиыршық тамақ жағына жақын орналасып, сырт көзге көрінбеуі мүмкін. Тістерінің бұлай орналасуы аңшылыққа тиімді болған. Геликоприондар 9-12 метрге дейін өсе алған.

9. Қорқынышты құс

Адамзаттың қуанышына орай жойылып кеткен 10 жануар

Бұл құс миоцен, плиоцен және плейстоцен дәуірінде Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американың кей бөліктеріндегі ең негізгі жыртқыш болған. Кейін оларды мысықтар мен өзге де етқоректі жыртқыштар алмастырды. Олар ұша алмаған, бірақ өте тез жүгіретін (ғалымдардың пайымдауынша, гепардпен бірдей жүгіре алған). Биіктігі 3 тоннаға және салмағы жарты тоннаға дейін жететін болған. Оның басты қаруы ұзындығы 1 метр құрайтын басы еді, ол соның арқасында итпен шамалас қорегін бүтіндей жұта алған.

10. Мегистотерий

Адамзаттың қуанышына орай жойылып кеткен 10 жануар

Алып гиенодонтид бастапқы және орта миоцен дәуірінде (20-15 миллион жыл бұрын) өмір сүрді. Ең ірі жыртқыштардың бірі саналады. Оның тасқа айналған қалдықтары Африканың шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінен табылған. Денесінің ұзындығы 4 метрге дейін, құйрығы 1,6 метр, биіктігі 2 метрге дейін болған. Мегистотерийдің салмағы шамамен 880-1400 килограмм.


Дәурен Омаров

суреттер: bigpicture.ru

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға