Адамның жасөспірім кезеңі 32 жасқа дейін созылады
26.11.2025 14:55
Фото:
reporter
Кембридж университетінің зерттеушілері адамның жасөспірім кезеңі 32 жасқа дейін жалғасады деген тұжырымға келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу барысында ғалымдар адамның миының қызметі бес негізгі кезеңнен өтетінін анықтады: балалық, жасөспірімдік, ересек, ерте қартаю және кеш қартаю.
Сарапшылар туғаннан 90 жасқа дейінгі 4000-ға жуық адамның миын талдау үшін диффузиялық МРТ сканерін қолданды. Нәтижесінде мидың өмір бойы бес маңызды эволюциялық кезеңнен өтетіні белгілі болды.
- Балалық кезең (0-9 жас) - ми қарқынды дамиды. Осы уақытта «желі консолидациясы» жүреді: артық синапстер жойылып, тек белсенді байланыстар қалады.
- Жасөспірімдік кезең (9-32 жас) – ми құрылымы күрделене бастайды, когнитивті қабілеттер дамуы жалғасады.
- Ересек өмір (32- 66 жас) – құрылымы тұрақтанады, тиімділікті арттыру процесі баяулайды.
- Ерте қартаю (66 - 83 жас) – ақ затының біртіндеп деградациясы байқалады.
- Кеш қартаю (83 жастан кейін) - ми жұмысының айтарлықтай баяулауы орын алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін қытай ғалымдары адам миының жасушаларын тышқандарға трансплантациялау арқылы дофамин деңгейін арттыру жолын тапқан болатын.

