Жаңалықтар

Адамның жыныстық қол сұғылмаушылығы

Жыныстық бостандық
20.07.2016 08:48 19036

Адамның жыныстық қол сұғылмаушылығы және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы

Адамның жыныстық еркіндігіне қарсы бағытталған  қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі аса жоғары және ол көп кездесетін қылмыс түрі болып табылады. Бұл қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін осындай қылмыстарды жасау адамдардың заңмен қорғалатын жыныстық өмірінің еркіндігіне қасақана қайшы әрекеттер жасау жолымен, жәбірленушілердің имандылық түсінігіне, жан-дүниесіне, адами қасиеттеріне зардап келтіру арқылы, адамдардың өміріне, сондай-ақ денінің саулығына қауіп-қатер туындатады.

Адамды жыныстық қатынастар жасауға, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауға баруына немесе басқа да де сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасауға итермелеу дүние жүзінің барша елдеріндегі ең өзекті күн тәртібіндегі мәселел болып қалып отыр. Қазіргі уақытта бқл мәселенің өзектілігі арта түспесе, кеміген жоқ.

Еліміздің Ата заңының бірінші бабында – «Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп көрсетілген.

Адамның жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеуден, оның құқықтары мен мүдделерін өзінің қамқорлығына алатын іс-шаралардың арасында қылмыстық құқықтық сипаттағы шаралар елеулі орынға ие болады. Қылмыстық мәжбүрлеудің қоғамға қауіптілігін – жапа шегуші адамға үлкен физикалық және моральдық зиян келтіруден тұрады. Жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актілерге баруына болмаса басқа да нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу жыныстық қылмыстардың ішіндегі ең ауырлардың біріне жатады.

Адамның жыныстық бостандығына қарсы қылмыстардың бірі – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 123 бабында қарастырылған жыныстық қатынасқа, әйел мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу қылмысы. Мұндай жағдайларда адамға тек физиологиялық және психикалық зардап қана емес, моральдық та зиян келтіріледі.

Жыныстық қатынасқа, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеумен күресу дүние жүзіндегі күрделі және шиеленіскен сұрақтардың бірі болып отыр. Халықаралық деңгейде түрлі маңызды құжаттардың қабылдануы халықаралық қауымдастықтың, мемлекеттердің өз ішіндегі күрделі осы сұрақтың шешімін бірлесіп табуға, шешілмес бұл сұрақты бірлесе шешу және онымен күрес жүргізудің ұтымды бағыттарын табуға бағытталған табанды қадамдарының көрінісі болып отыр.

Әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеумен күресуден біздің мемлекетіміз де тыс қалмауда. Өйткені Кеңес Одағы ыдырауы, Қазақстанның нарықтық қатанастарға көшуі қоғамның әлеуметтік жіктелуіне, кейбір әлеуметтік топтардың кедейленуіне, жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты қоғамда бір-бірін күштеудің тез арада өсуіне әкелді.

Біздің дипломдық жұмысымыздың алдында тұрған мақсат – еліміздің қылмыстық заңнамасының 123 бабы арқылы қылмыстық жауаптылық бекітілген  жыныстық қатынас жасауға, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актілерге баруына болмаса өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу қылмысын зерттеу. Қойылған мақсатқа әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу қылмысының құрамын оның объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын және оның элементтерін толық ашу арқылы, жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеудің мазмұнын ашу жолымен, осы тақырыпқа айналасында жазылған қылмыстық құқық саласындағы ғалымдардың пікірлері мен көзқарастарын және қазіргі кездегі осы саладағы Қазақстандық ғалымдардың көзқарастарын келтіре отырып, сот-тергеу тәжірибесінің материалдарын зерделеп сұрыптау арқылы қол жеткіземіз.

Ел Президенті 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығымен бекіткен Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылдара арасына арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында еліміздің қылмыстық заңнамасы адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығын заң қорғауына алынған ең басты әлеуметтік құндылықтар ретінде танудан шығуы тиіс делінген. Ал, жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеудің адамдардың жыныстық бостандығын бұзатындығы белгілі.

Аталған тұжырымдама еліміздің жүргізіп отырған қылмыстық-құқықтық  саясатының ізгілік бағдары, алдымен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жүкті әйелдерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғыз әйелдерге, кәрі жастағы адамдарға бағытталуы керек, тиісінше ізгілік бағдар бірнеше мәрте қылмыстық құқық бұзушылық істеген адамдарға, қайталап қылмыс жасаған адамдарға және ауыр, аса ауыр санаттағы қылмыстарды жасаған тұлғаларға қатысты күшейту керектігіне баса назар аударылған.

Осы жұмыстың мақсаттары жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу қылмысының құрамына сипаттама беру жолымен, оларды дәрежелеу сұрақтарын талдау.

Көрсетілген мақсатымызға қол жеткізу үшін алға қойылған міндеттерімізді шешуіміз қажет:

        1) адамның жыныстық мызғымастығы және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстың түсінігін беру;

        2) Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша жыныстық қатынасқа, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу құрамын заңды талдау;

        3) жыныстық қатынасқа, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеудің объектісін, объективті жағын, субъектісін және субъективті жағын қарастыру;

        4) жыныстық қатынасқа, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеуді ұқсас қылмыстық құқы бұзушылықтардан ажырату.

Бүгінгі күні жыныстық қатынасқа түсуге, әйел адам мен әйелдің, еркек адам пен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу қылмысына байланысты көптеген ғалымдардың көзқарастары және ой-пікірлері бар. Осы жұмыстың екінші тарауындағы жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса басқа да сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу құрамының объектісіне байланысты ғалымдардыңғ атап айтсақ  А.Б.Куриновтың, Н.И.Каржанскийдің, П.П.Осиповтың ұсынған ой-пікірлерінің негізінде жазылды. Жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса басқа да нәпсіқұмарлық әрекеттерге мәжбүрлеу құрамының объективтік жағы Ю.В.Александровтың, Б.А.Блиндердің, Ю.К.Сущенконың, Л.А.Андрееваның, А.Н.Игнатовтың, Г.Б.Елемисовтің еңбектерінде кездеседі, субъектісіне байланысты көзқарастарды Я.М.Яковлевтің, С.П.Молдабаевтың, Р.Орынбаевтың, Л.Я.Мильманның еңбектерінен таптық. Зерттеуге алынған  қылмыстық әрекеттің субъективтік жағын П.С.Дагель, Д.П.Котова, Н.И.Трофимов, А.А.Примаченко, И.А.Рарог сынды зерттеушілер өз еңбектерінде қарастырып кетеді.   

Дипломдық жұмыстың пәнін жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу әрекеттерінен туындайтын қоғамдық қарым-қатынастар құрайды.

Дипломдық жұмыстың объектісін жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлегені үшін жауаптылық бекітетін қылмыстық заң нормалары, сот қаулылары жасақтайды.

Жұмыстың нормативтік базасы негізіне еліміздің Қазақстан Республикасының Конституциясы, еліміздің қылмыстық заңнамасы, Қазақстан Республикасы Жоғары сотының нормативтік қаулылары, сонымен қатар тәжірибе материалдары қолданылды.

Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ҚР жаңа Қылмыстық Кодексінің қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасынан «еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауы» деген бап алынып тасталған уақыттан бері елдің заңнамасында сексуалды азшылық өкілдеріне қатысты ешқандай қылмыстық-құқықтық шектемелер жоқ; тек зорлық-зомбылық сипатындағы әрекеттер, «келісім жасына» жетпеген тұлғалармен жыныстық қатынасқа түсу және жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу ғана бар.

Қылмыстық Кодекс бойынша топтық объекті тұрғыдан жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар маңызды орын алады. Тікелей объектісінің ерекшелектіріне қарай жеке адамға қылмыстық құқық бұзушылықтар мынадай түрлерге бөлінеді: адам өміріне қарсы қылмыстар, денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, жеке адамның бас бостандығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қылмыстық құқық бұзушылықтар, жыныстық қылмыстар.

Жыныстық қылмыстар институты – адамның жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық бостандығына қарсы жасалатын қылмыстық заңнаманың арнайы бөлігі. Адамның еркіндігінің көрінісі ретінде жыныстық қол сұғылмаушылығы мен жыныстық еркіндігі адамның жеке басына тиiспеушiлiк қағиасының бір бөлігі. Бұл қағиданы бұзатын қылмыстар түрлері жыныстық қылмыстарға әкеліп соғады. Адамның жыныстық еркiндiгi жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыруда адамның кіммен және қандай нысанда жүзеге асыратынын өзі таңдау құқығын білдіреді. Жыныстық қол сұқпаушылық - зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне қарсы қорғану құқығын көрсетеді.

Жыныстық қатынастарға құштарлық адамдар бойындағы тумысынан тән табиғат берген қасиет. Жыныстық қатынастарды адамгершілік қағидаларымен, тұлғалар арасындағы некелесу және одан тыс жататын қарым-қатынастарды ретке келтіретін заңнамалармен белгілі бір шектеулер қойылады.

Адам баласының жеке басының бостандығы мен қол сұғылмаушылығы басқа да құндылықтармен қатар, жыныстық бостандығын да, ересек тұлғаның сексуалдық құштарлығын қалай және кіммен қанағаттандыруға қол жеткізетінін тек өзінің қалауына қалдыратын бостандықты да қалдырады. Еліміздің қылмыстық заңнамасы (ҚК 120-124-баптары) аталған бостандықтарды біздің қоғамымызда  қалыптасып қалған жыныстық тәрбие ережелеріне қайшылығы анық болатын іс-әрекеттерді істеуге тиым саолу жолымен өз қорғауына алады.

Адамның жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар ұғымын толығырақ түсіну үшін жыныстық қатынас, сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер ұғымдарын тоқталған жөн.

Адамдар арасындағы жыныстық қарым-қатынастар адамдардың нәпсіқұмарлық әрекеттеріне қатысты қоғамда үстемдік етуші көзқарастар мен қағидалар көрсетеді. Жыныстық қатынастардың мазмұнын жыныстық мораль мен өнегелік мәселелерінен бөліп қарастыруға болмайды. Жыныстық мораль мен өнегелік қоғамда қалыптасқан жыныстық қатынастардың негізін құрайды. Жыныстық мораль мен өнегелік жоғары болған сайын жыныстық қатынастардың берік болады және оған қолсұғушылықтар аз жасалады.

Адамдардың жыныстық тәрбиесі мен өнегелілігі біздің қоғамымыздың қалыптасып қалған жыныстық тәрбиесі мен өнегелілік дәрежесіне тікелей  байланыста, себебі аталған құндылықтар жалпы қоғамымымздағы қарым-қатынастар тізбегіндегі бір жүйе ретінде бағаланады. Адамдардың жыныстық тәрбиесі мен өнегелілігі олардың сексуалдық қарым-қатынастары нормаларымен қатар, біздің қоғамымыздағы сексуалдық қарым-қатынастарды көрсететін пікірлер мен салт-дәстүрлерді де қамтиды.

Кез-келген қылмыстық құқық бұзушылықты жасау өнегелікті емес әрекет деп танылады, бірақ барлық қылмыстар бірдей жыныстық тәрбие мен өнегелілік ережелерін бұзумен ерекшеле бермейді.  

Жыныстық тәрбие мен өнегелілік біздің қоғамымыз дамыған сайын, өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың әр уақытта оң өзгермейтінін ескерген жөн. Мысал ретінде қазіргі кездегі қоғамдағы жыныстық тәрбие мен өнегелілік деңгейін Қеңес Одағы уақытындағы  деңгейге қарағанда әлдеқайда құлдырауы арқылы көрсетуге болады.

Адам баласы жыныстық тәрбие мен өнегеліліктің деңгейіне халықтық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптары, алдымен өсіп келе жатқан толқынды тәрбиелеуге елеулі түрде көңіл бөлген. Қазіргі кездегі жыныстық мораль мен өнегеліктің төмендеуін біреулері қоғам өмірінің барлық салаларындағы тәртіптің төмендеуімен, экономикалық дағдарыспен түсіндірсе, екіншілері оны отбасылық тәрбиелеудің төмендеуімен, жас өспірімдерді бақылаудың жоғалтылуымен, біздің кино және видео нарығымызға жыныстық тәрбиелеуге кері әсер ететін, жыныстық салада мінез-құлықтар бостандығын құндылықтар ретінде көрсететін қарым-қатынас үлгілерінің кең етек жаюымен түсіндіріп бағыды.

Адамдардың жыныстық тәрбиесі мен өнегелілігі тепе-тең түсініктер емес. Жыныстық өнегелілік жыныстық моральға қарағанда кеңірек ұғым. Жыныстық өнегелілік қоғамдағы жыныстардың өзара қатынастарына жалпы қабылданаған көзқарастарды көрсететін және адамдардың сексуалдық қарым-қатынастарының барлық қырларын ретке келтіретін адамгершілік ережелерінің тізбегінен құралады. Адамдардың жыныстық өнегелілігінің деңгейіне қоғамдағы қалыптасқан жыныстық қатынастар укладына тәуелді болып табылады. Қоғам мүшелері басшылыққа алатын моральдық деңгейі жоғары, иманды қоғамда қалыптасқан жыныстық қатынастар нәпсіқұмарлық құқық бұзушылықтардың деңгейін сақтауға әсер етеді. Және де керісінше адамгершілікпен сиыспайтын, тәрбиеге қайшы қоғамда сексуалдық қылмыстар деңгейі сәйкесінше жоғары көрсеткіштерді құрайды.

Адамның жыныстық бостандығы мен еркіндігіне қарсы қылмыстар деп -  еліміздің қылмыстық заңнамасында бекітілген, он төрт жасқа болмаса он алты жасқа толмаған жасаөспірімнің жыныстық еркіндігіне, бітім-болмысы мен психикалық тұрғыда қажетті деңгейде дамуына, ересек адамдардың жыныстық өмірінің бостандығы мен біздің қоғамымызда қалыптасып қалған жыныстық қарым-қатынастарға қаупті болатын қылмыстық қастандықтарды айтуға болады.  

Зерттеуге алынып отырған әрекеттердің біздің қоғамымызға қауіптілігін олардың адами жыныстық еркіндік пен жыныстық қол сұғылмаушылығына қауіпті зиян келтіреді, кәмелет жасына толмаған адамдардың адами және психикалық дамуына зиян келтіреду, олардың бітім-болмысы мен жан-дүниесінің дамуына, тиісті деңгейде қалыптасуына кері әсерін тигізеді, қоғамдағы адами көзқарастарды терсі ықпалын тигізеді. Бұрынғы қылмыстық заңнамаларды сараланған мән-жайларда әйел зорлағандық үшін өлім жазасы қарастырылған болатын.

Жыныстық қылмыстардың объектісіне байланысты көзқарастар әртүрлі.

Я.М.Яковлев жыныстық қылмыстардың топтық объектісіне қоғамда мүшелері арасындағы жыныстық қатынастарды жатқызады.

Ал, П.П.Осипов жыныстық қылмыстардың топтық объектісін адамдардың өз жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты олардың арасындағы қатынастардың пайда болуының әлеуметтік негіздерін есептейді. Н.С.Шостак болса жыныстық қылмыстардың топтық объектісі деп өнегелікті атайды.

Қылмыстық құқық саласындағы заң әдебиеттерінде түрлі пікірлер мен пайымдауларды кездестіре аламыз. Мысалы, жыныстық қатынастарды біреулері барлық жыныстық қылмыстардың топтық объектісіне жатқызса, басқалары оны жекелеген жыныстық қылмыстардың тікелей объектісіне жатқызады. Жыныстық қылмыстардың объектісіне кең мағынада түсініктеме беретін ғалымдар олардың қатарына жыныстық қылмыстарға жатпайтын басқа да қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жатқызады. Олар: жезөкшелікпен айналысуға тарту (ҚР ҚК 308-бабы), жезөкшелік кәсіппен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (ҚР ҚК 309-бабы), порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (ҚР ҚК 311-бабы), кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту (ҚР ҚК 321-бабы), қатыгездік пен күш қолдануға үгіттейтін туындылар мен өнімдерді заңсыз тарату (ҚР ҚК 313-бабы).

Бұл қылмыстар тобының объектілері туралы айтар болсақ - жыныстық еркіндік пен жыныстық бостандық, ол кейбіреулерінің қосымша объектісі – кәмелет жасына толмағандар мен жеткіншектердің бітім-болмысының және психикасының ойдағыдай дамуы. Әрбір жапа шеккен адамға қатысты саралауды әр бапқа сәйкес бөлек, норманың мағынасына қарай жүргізу керек, жапа шегуші адам оның жасына тәйелсіз әйел адам да, еркек адам да бола алады. Десек, қылмыстық зағның қорғауына әйел адам да, еркек адам да алынады.

Жыныстық бостандық - тұлға өз нәпсіқұмарлық қажеттіліктерін қалай қанағаттандыратынын анықтауда көрініс табатын адамның жеке бостандығының құрамдас бөлігі. Жыныстық бостандыққа тек 16 жасқа жеткен психикалық дені сау тұлға ие. 16 жасқа жетпеген және психикалық дені сау емес тұлғалар жыныстық бостандыққа ие емес. Сондықтан 16 жасқа жетпеген психикалық жетілмеген адаммен ерікті немесе күш қолданып жыныстық қатынасқа түскені үшін ҚР ҚК 120-122-баптарымен қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Бұндай жағдайларда ҚР ҚК 120, 121 және 124-баптарымен қарастырылған қылмыстардың объектісі болып жыныстық қол сұғылмаушылығы саналады.

 Жыныстық еркіндікке ие тұлғалар ретінде А.Н.Красиков жынстық тұрғыда толысқан адамдарды түсінеді. Қазақстандық заң шығарушы медицина ғылымында қолданылатын нормалар бойынша адамның жыныстық тұрғыда толысуы оның он алты жасқа толуымен сәйкес келеді деген пайымдауымен келісе отырып, адамның он алты жасқа толуын А.Н.Красиковтың көзқарасымен сәйкес келеді және бұл жерде дау туғызуға ешқандай негіз жоқ деп есептейміз.

Жыныстық қылмыстардың объективтік жағы кінәлі адамдардың Қылмыстық кодекстің диспозициясында немесе басқа бабында анықталған заңға қарсы іс-әрекет жасаунан көрінеді. Бұл топтағы қылмыстар құрылымы бойынша формальді болып келеді. Жыныстық қылмыстардың әлдебіреуінің ауырлататын белгілерінің болуын анықтау үшін айыптының іс-әрекеттері мен ауырлататын белгілер арасындағы қажетті себепті байланысты анықтауымыз керек.

Талдауға алынып отырған қылмыстар тобының субъективті жағынан тек қасақаналық ниетпен жүзеге асыралытындығына назар аударамыз. 

Қылмыс жасаудағы себеп, негізінен, нәпсіқұмарлық, бірақ басқа да себептер болуы мүмкін.

Ережеге сәйкес жыныстық қылмыстардың басым бөлігі он алты жасқа толған есі дұрыс екі жынысты да адамдардың әрекеттерімен жүзеге асырылады, яғни субъектісі он алтыға толған есі дұрыс адам. Зор­лаудың (ҚК 120-бабы) және нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолданудың (ҚК 121-бабы) субъектісі 14 жасқа тол­ған адамдар.

Барлық жыныстық тұтастығы мен тұлғаның жыныстық еркіндігіне қарсы қылмыстар төмендегідей жіктеледі:

1. Зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар. Оларға мыналар жатады: зорлау (Қылмыстық кодекстің 120 бабы), сексуалдық сипаты бар зорлық-зомбылықпен ұштасқан әрекеттер (Қылмыстық кодекстің 121 бабы),  жыныстық қатынас жасауға, еркек адам мен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел адам мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына болмаса сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету (Қылмыстық кодекстің 123 бабы).  

2. Жас балаларды азғындық жолға түсіру (Қылмыстық кодекстің 124 бабы).  

3. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау (Қылмыстық кодекстің 122 бабы).  

Жыныстық қылмыстар жыныстық бостандыққа және жыныстық қолсұғылмаушылыққа қол сұғады. Кейбір еңбектерде жыныстық қылмыстарды объектінің түріне қарай осы екі топқа бөліп жатады (Бұл мәселе келесі сұрақта қозғалады).

 Ал жасалу тәсіліне қарай: зорлықшыл, зорлықшыл емес.

Жәбірленушінің жас мөлшеріне қарай кәмелетке толмағандарға бағытталған және ересектерге бағытталған, деп те топтастыруға болады. Мұндай топтастыру қылмыстық әрекеттерді саралауға әсер етеді. Кейбір жыныстық қылмыстардың түрлерінде қоғамға қауіпті іс-әрекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты жасалынуы ауырлататын мән-жай ретінде қаралады.

Жыныстық қылмыстарды топтастыруға байланысты көзқарастар әртүрлі.

Сонымен жыныстық қылмыстар дегеніміз - жыныстық қатынас, сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер міндетті түрде жәбірленушіге қатысты күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіру және мәжбүр ету жолымен немесе онсыз жыныстық бостандыққа және жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы бағытталатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.

Жыныстық қылмыстардың жекелеген түрлері

Еліміздің қылмыстық заңнамасының 120 бабында қылмыстық жауаптылық қарастырылған зорлау қылмысының тікелей объектісі ретінде әйелдің жыныстық еркіндігі мен қол сұғылашулығы, ал тікелей қосымша объектісі болып жапа шеккен әйелдің қадір-қасиеті мен денінің саулығын көрсете аламыз. Осы қылмыстың жапа шегуші тұлға ретінде әр уақытта да әйел адам көрінеді.  Қылмыстың объективтік жағын сипаттасақ, заңмен бекітілген бірқатар әрекеттер қылмыстық жауаптылық туындатады: жәбірленуші әйелге болмаса өзге тұлғаларға күш қолдану болмаса оны қолдану қаупін төндіре отырып қорқыту арқылы, не жапа шеккен әйелдің дәрменсіз күйін пайдалана отырып, онымен жыныстық қатынасқа түсу.

Қылмыстық әрекет ретіндегі зорлау еркек адамның әйел адамның ерік білдіруіне қарсы, әйелдің келсімін алмастан қалыпты жағдайдағы табиғи жолмен жыныстық қатынасқа түсуін білдіреді. Күш қолданумен жүзеге асырылатын өзге жыныстық қатынастар сексуалды сипаттағы әрекеттер ретінде бағаланып, қылмыстық заңнаманың өзге баптарымен жауаптылық туындатады (айталық, табиғатқа жат нысанда жыныстық актіге түсу, еркек адамның еркекпен, әйел адамның әйелмен зорлық қолдана отырып жүзеге асырылатын жыныстық актілері және т.б.). Зорлау қылмысын сипаттайтын әрекеттер тәсілі қылмыстық заңнамада тікелей жіктеліп көрсетілген. Олар:  

1) жәбірленуші әйелге немесе өзге адамдарға нақты күш қолдану;

2) болмаса күш қолдану қаупін төндіре отырып;

3) жәбірленуші әйелдің дәрменсіздігін пайдалану жолымен жыныстық қатынасқа түсу.

Зорлау кезіндегі күш қолдану ретінде жәбір көруші әйелдің қарсылық көрсетуін басып-жаншу мақсатында әйелді ұру, оған түрлі жарақаттар салу, әйелдің тәнін азаптайтын өзге де әрекеттер жасау, аяқ-қолын байлап тастау, үй ішінде не басқа да жайларда қамауда ұстау, әйелдің жәрдем шақыруына жолын кесу және өзге де әрекеттер жатады. Ал күш қолдану қаупін төндіре отырып қорқытуға айыптының жапа шегушіні, ол әйелдің баласын болмаса өзге де жақындарын,туыс адамдарын ұрып-соғатынын, сабайтынын немесе азаптау, басқа да зомбылық әрекеттерді жүзеге асыратынына көз жеткізетін әрекеттер жатады. Жапа шегуші әйелдің дәрменсіздігін пайдалану деп бітім-болмысы болмаса психикалық жағдайына қарай (жас болуына, мүгедектігіне, есі кіресілі-шығасылы болуы, өзге де ауыр науқасының болмаса ес-түссіз жағдайда болуы себебінен) өзінің жеке басына қатысты жасалып жатқан әрекеттің сипаты мен мағынасын түсінбегенінен, болмаса оларды түсінсе де жапа шегуші әйелдің зорлықшыға қарсылық етуге мас болуын немесе өзге де себептер әсерінен шамасы жатпауын көрсететін жайларды санаймыз.

Қылмыстық әрекет ретінде зорлаудың құрамы орын алуы үшін айыпты адам қылмыстық заңнамада қарастырылған әдістердің бірін қолдану жолымен жапа шегуші әйелмен физиологиялық жыныстық актіге түсуі керек. Аталған қылмыс құрамы жыныстық қатынас басталғанк езден, яғни ер адамның жыныстық мүшесінің әйелдің жыныстық органына кірген сәттен аяұталған болып танылады. Іс жүзіндегі қылмыстық заңнама әйел адамды алдап, жыныстық қатынасқа түскені үішн қылмыстық жауаптылық бекітпейді. Осыған орай әйел адамға «үйленемін» деп уәде беріп, кейін сөзінен тайқып кетіп, жыныстық қатынасқа түсуде қылмыс құрамы болмайды.  Әйелге қатысты күш қолдану жолымен жапа шегуші әйелмен жыныстық актіге түсуге бағытталып, бірақ айыптының еркінен тыс мән-жайларға байланысты ақырына дейін жеткізілмей қалған әрекет зорлауға оқталу ретінде сараланады. Қылмыстық зорлау әрекетін өзге де ұқсас әрекеттерден ажырату кезінде айыптының әйелмен жыныстық актіге түсуін оның еркіне қарсы жасауды көздегенін және осы ниетпен күш қолданғандығын анықтап алу қажет. Кері жағдайда айыптының әрекеттерін зорлауға оқталу ретінде сарлауға жол берілмеуі керек. Әйел адамды жыныстық актіге түсуіне көндіру үшін айыптының оған жалынуы, осындай актіден дәме етуі, болмаса әйел адамды алдауын зорлау болмаса оған оқталу деп бағалай алмаймыз. Зорлау қылмысынан өз ықтиярымен бас тарқан адамның әрекеттерінде басқа қылмыс құрамдары болатын болса, ондай әрекеттер нақты мән-жайларға қарай отырып, денсаулыққа келтірілген жарақаттар, бөтеннің мүлкін қасақана жою болмаса басқа да әрекеттер үшін жасаптылық бекітетін қылмыстық заңнаманың тиісті нормалары бойынша саралануға жатады. Жыныстық актіге түсуге физиологиялық мүмкіндігі жоқ тұлғаның жыныстық актілерге түсуге бағытталған әрекеттері нақты мән-жайларға қарай отырып, бұзақылық, болмаса қорлау немесе өзге де жауаптылық бекітетін қылмыстық заңнаманың тиісті баптарымен саралануға жатады.      

Зорлаудың субъективті жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Айыпты адам жәбір шегушіге қатысты оның еркіне қайшы түрде қылмыстық заңнамада қарастырылған әдістерді қолдану арқылы жынстық актіге түсетінін біледі, өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін түсінеді, осы әрекетті жасауды қалайды. Бұл қылмыстың субъектісі ретінде он төрт жасқа толған ер адамдар ғана танылады. Ал әйел адамдар зорлауға ұйымдастырушы, азғырушы немесе көмектесуші ролінде қатысушы болуы мүмкін. Айыптының бұрынгы жасаған зорлауы немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттері үшін сотталғандығы жойылса немесе адам ондай атақтан заңмен бекітілген негіздер бойынша арылған болса, бірнеше реттік болмайды. Керісінше, айыптының бңр ниетімен қамтылған қасақаналығының нәтижесінде бірнеше рет жыныстық қатынастарға түсуі оны бірнеше рет зорлау қылмысы үшін жауаптылыққа тартуға негіз бола алады. Ал егер зорлау нәтижесінде абайсызда жапа шеккен әйелдің қаза болуы орын алса, кінәнің қос нысаны көрініс береді. Яғни, күш қолданып жыныстық қатынасқа түсуі қасақаналықпен жүзеге асырылса, жәбірленушінің өліміне қатысты абайсыздық орын алады.    

ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабымен қарастырылған сексуалды сипаттағы қорлық қылмыстарының объектісі ретінде ер адамның да, әйел адамның да жыныстық бостандығын көрсетеміз. Бұл қылмыстың объективті жағының сипаттамасы жәбір көруші әйелге болмаса өзге де адамдарға күш қолданып болмаса күш қолдану қатерін төндіру арқылы қорқытып, болмаса әйелдің дәрменсіздігін пайдалану арқылы еркек адам мен еркектің, әйел адам мен әйелдің жыныстық қатынастарға түсуі болмаса сексуалды сипаты бар басқа да әрекеттерді жасауымен сипатталады, демек сексуалды сипаттағы әрекеттердің келесі сапалық көрсеткіштерін айқындай аламыз. Біріншіден, бұл - сексуалдық сипаттағы әрекеттер, сексуалды әрекеттердің ықтимал тізімі қылмыстық заңнаманың 121 бабының диспозициясында бекітілген: еркек адам мен еркектің, әйел адам мен әйелдің жыныстық қатынастары және сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер. Екінші айтарымыз, мұндай әрекеттер жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолдану немесе оны қолданбақшы болып қорқыту не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Еркектің екінші бір еркекке зорлық әрекеттерін қолдана отырып, оның келісімінсіз жыныстық қатынасын жасау еркек пен еркектің жыныс қатынасы деп танылады. Әйелдің екінші бір әйелге зорлық әрекеттерін қолдана отырып, оның келісімінсіз  жыныстық қатынас жасауын әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы деп танылады. Өзгеде нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттерге еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынастарына жатпайтын, басқа тұрғыдағы жыныстық құмарлықты қанағаттандыруға бағытталған әр түрлі әрекеттер жатады, оған еркектің әйелдермен немесе әйелдің еркектермен нәпсіқұмарлық сипаттағы әр түрлі зорлық қатынастары жатады[8]. Мысалы: табиғи түрге жатпайтын зорлық жыныстық қатынастары (жәбірленушінің жыныс органдарынан басқа дене мүшелерін пайдалану арқылы жыныстық құмарлықты қанағаттандыру (анус), садистік тәсілдерді қолдану, жәбірленушінің жыныс органын  күйдіру, оған мүйіз, таяқ, басқа зат тығу; әйелдің еркекті оның еркіне қарамастан жыныстық қатынас жасауға зорлауы (онанизм) т.с.с. Некрофилия - кінәлының өзі өлтірген жәбірленушімен зорлық қатынасын жасауы болып табылады. Қылмыстық кодекстің 121-бабымен емес, 99 бабы 2 бөлігінің 10 тармағымен саралануға жатады. Ал өздігінен өлген адамның мәйітімен жыныстық қатынас жасаудағы жауаптылық Қылмыстық кодекстің 314 бабында көрсетілген (өлгендердің мәйіттерін  немесе  олар жерленген жерлерді қорлау). Бұл қылмысты кінәлы адам күш қолдану немесе оны қолданбақшы болып қорқыту не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану арқылы жүзеге асырады. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс күш қолдану  немесе оны қолданбақшы болып қорқыту немесе жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану арқылы сексуалдық сипаттағы әрекеттерді істеуді  бастаған  уақыттан  бастап аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам өзінің  әрекеттерінің  қоғамға қауіптілігін сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстың негізгі ниеті - жыныстық құмарлықты қанағаттандыру болып табылады. Бұдан басқа кейбір реттерде кек алу, адамгершілікті аяққа басу, кінәлының өзінің жыныстық қабілетсіздігін (импотенттік) жасыру ниеттері де орын алуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі - 14-ке толған ерлер немесе әйелдер.

Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық  сипаттағы өзге де іс-әрекеттеріндегі (ҚР ҚК 122-бабы) қылмыстың объектісі - 16 жасқа толмаған адамның жыныстық бостандығына қол сұғушылық. Қылмыстың жәбірленушісі -16-ға толмаған ер және әйел жынысты адамдар. Қылмыстың объективтік жағы -16 жасқа толмағаны айқын адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектің немесе әйел мен әйелдің қатынасы немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер арқылы көрініс  табады. Көрсетілген қылмыс құрамы болу үшін біріншіден кінәлы адам 16-ға анық толмаған жәбірленушімен жыныстық қатынаста (оның ішінде әйел мен еркектің немесе әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы да) болатынын білуі қажет (қылмыстың субъективтік жағы), екіншіден олардың мұндай жыныстық қатынаста болуы және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді істеуге өзара келісімі болуы қажет, үшіншіден жәбірленуші 18-ге толған адаммен ерікті түрде болатын осы  қатынастың мән-жайын, сипатын толық ұғынуы қажет. Қылмыс жыныстық қатынас немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер басталған  уақыттан бастап аяқталған деп  танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам анық 16-ға толмаған адаммен жыныстық қатынаста немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де қатынаста болғанын сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі -18-ге толған ер немесе әйел жынысты адам.

Жас балаларды азғындық жолға түсіру (ҚР ҚК 124-бабы) ерекше қылмыс болып табылады. Аталған қылмыстың объектісі жеткіншектердің адамгершілік тұрғысынан дұрыс қалыптасуы болып табылады. Объективтік жағынан қылмыс -14 жасқа  жетпегендігі айқын адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс әрекеттерді жасау арқылы көрініс табады. Кінәлының немесе жеткіншектердің жыныстық құмарлығын жыныстық қатынас жасаумен байланыссыз түрде қанағаттандыруға бағытталған әр түрлі іс-әрекеттерді  істеуі  азғындық деп  танылады. Азғындық әрекеттер интеллектуалдық және қимыл көрсету арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық азғындыққа әр түрлі порнографиялық өнімдерді, бейнефильмдерді  көрсету, жыныстық тақырыптағы әдепсіз әңгімелер айту, осы  тұрғыдағы  шығармаларды  оларға оқуға берулер жатады.

Қимыл арқылы істелетін азғындыққа жеткіншектердің көзінше жыныстық немесе өзге де нәпсіқұмарлық әрекеттерді істеу, жыныс органдарын оларға көрсету, жеткіншектерді өзара жыныстық немесе өзге де нәпсіқұмарлық қатынастар жасауға азғыру немесе зорлау әрекеттері жатады. Қылмыстың жәбірленушісі болып 14-ке толмаған ер немесе қыз балалар танылады. Азғындық іс-әрекеттерді жасауға жеткіншектердің келісім беруі кінәлының қылмыстық  жауаптылығын  жоққа  шығармайды. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол азғыру әрекеттерін бастаған сәттен бастап-ақ аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам жасы анық 14-ке толмаған жеткіншекке күш қолданбай-ақ азғындық іс-әрекеттер жасағанын сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет - жыныстық құмарлықты әстерлеу. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған ер немесе әйел жынысты адам.    

 

Қорытындылай қарасақ, жыныстық қатынас адамзат өмірінің ажыратылмас саласын қамтиды. Олар негізінен адамгершілік қағидаларымен, отбасы заңнамасының некелік, сол сияқты некеден тыс жыныстардың өзара қатынастар туралы нормаларымен реттеледі. Тұлғалардың бостандығы мен дербес құқықтығы ересек адамның өз сексуалдық қажеттігін кіммен жэне қалай шешетін жыныстық бостандығын, сондай-ақ ересектердің де сол сияқты кәмелетке толмағандардың да дербес құқықтығын қамтиды.

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға