Жаңалықтар

Адамдардың атына 60 млн теңгеге несие рәсімдеген алаяқ Ресейден экстрадицияланды

Адамдардың атына 60 млн теңгеге несие рәсімдеген алаяқ Ресейден экстрадицияланды
Фото: Бас прокуратура 26.08.2024 11:11 486

Бас прокуратура аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, 2019-2022 жылдар аралығында күдікті Тараз қаласындағы банк филиалының қызметкері бола отырып, банк клиенттерінің атынан оларға несие рәсімдеген.

Әрі қарай банк клиенттерінің шоттарына қол жеткізген күдікті несие қаражатын достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған.  Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде банк клиенттеріне 60 млн теңге көлемінде залал келтірілген.  Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған, - делінген мәліметте.

Биылғы сәуір айында ол Краснодар өлкесінің аумағында ұсталды, содан кейін ол Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға