«Адамдар тамақты қарызға алып жүр»: Ринат Зайытов 85 мың теңгенің мәселесін тағы көтерді
07.12.2023 10:44
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Мәжіліс депутаты, айтыскер Ринат Зайытов ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге өмір сүруге қатысты тағы бір пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол «халықтың қаржылық сауаты жоқ» дегендерге де жауап берді.
Халықтың қаржылық сауаты жоқ деп жатады. 85 мың теңгенің жетпейтінін түсіну үшін не қаржылық сауат керек?! Сауаты жетсе, 85 мың теңгені жеткізіп берсін, көрейік. Бәрінде несие, қарыз бар. Мәжбүр. Адамдар тамақты қарызға алып жатыр, - деді Ринат Зайытов.
Естеріңізде болса, 85 мың теңгені Қазақстандағы ең төмен жалақы деп бекіткен ведомство өкіліне Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов бір отбасының бір айлық шығынын есептеп берген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

