Адам құқықтары мен бостандықтары бойынша меморандум жасалды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мен Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы күш-жігерді біріктіру бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz
С.Ақылбай бұл ынтымақтастықтың уақтылылығы мен өзектілігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және омбудсмен институтына деген халықтың сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Меморандум шеңберінде адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, сапалы заң көмегін көрсету бойынша жұмысты құруға бағытталған және келесі мақсаттарды көздейді:
- адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру саласында тәжірибе алмасу;
- бірлескен жобаларды іске асыру және осы саладағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге жәрдемдесу;
- омбудсмен аппараты қызметкерлерінің және республикалық заң консультанттары алқасы заңгерлерінің біліктілігін арттыру;
- адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру жөніндегі басқа да іс-шараларды іске асыру.
Қорытындылай келе, Э.Әзімова әріптестеріне алғысын білдіріп, заң консультацияларын сапалы ұсынуды және адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі шараларды қамтамасыз ету үшін күш-жігерді біріктіру және серіктестікті орнатудың маңыздылығын атап өтті.