El.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аналар күнімен құттықтады

Бүгін қазақстандықтар Аналар күнін атап өтіп жатыр. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев аналарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев анаға деген шексіз құрмет пен алғыс сезімін жеткізді:

Аналар күні – шексіз махаббаттың, мейірім мен жанқиярлықтың, парасат пен даналықтың мерекесі. Ана махаббаты – бүкіл ғұмырдың тірегі, қайрат пен шабыттың қайнары. Сіздердің мейірімге толы жүректеріңіз бұл дүниені жылылық пен ізгілікке бөлейді, – деді ол.

Сонымен қатар, ол барлық аналарға зор денсаулық, отбасы берекесі мен жан тыныштығын тілеп, балаларының қуанышы мен шаңырақтың татулығын тіледі.

Айта кетейік, Қазақстанда Аналар күні дәстүрлі түрде мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл – әрбір анаға алғыс айтып, оларды ерекше құрметтейтін маңызды күндердің бірі.