Жаңалықтар

«Адам өлтірді деп айыптауға болмайды». Адвокат Бишімбаевтың ісі жайлы

«Адам өлтірді деп айыптауға болмайды». Адвокат Бишімбаевтың ісі жайлы
Фото: Жоғарғы сот 03.05.2024 10:35 4557

Бүгін Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот сөзжарысы болып жатыр. Экс-министрдің қорғаушыларының бірі Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың қасақана кісі өлтірмегенін дәлелдеп бағуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол айыптаушы тараптың Бишімбаевты аса қатыгездікпен адам өлтірді деп санайтынын атап өтті. Ол "қасақана" ұғымы соққылардың санымен немесе олардың салдарымен анықталмайды деп түсіндірді.

Қылмыстық кодекстегі мына жайтқа назар аударыңыздар. «Қасақана өлтіру» жағдайында адам өлтірген болып саналады, қалған жағдайларда адам өлтірді деп айыптауға рұқсат жоқ. Ал біздің жағдайда,Бишімбаев өлімнің себебіне кінәлі екенін мойындайды, бірақ ол қасақана істеген жоқ, - деді адвокат.

Адвокат Бишімбаев концертте немесе одан кейін әйелін ұрып-соққанда оны өлтіргісі келді деген нұсқаны күлкілі деп атады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға