Жаңалықтар

Адам өліміне қатысты қылмыс жасағандар қанша жылға сотталады?

Адам өліміне қатысты қылмыс жасағандар қанша жылға сотталады?
Фото: El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 29.09.2023 18:31 1561

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жаза мерзімдерінің төменгі және жоғарғы шектері өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін ұлғайтылғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық кодекстің 120 және 121 баптарының бірінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстар санатынан ауыр қылмыстарға 5 жылдан 8 жылға дейінгі (бұрын 3 жылдан 5 жылға дейін) мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстырылды. Бұдан басқа, көрсетілген баптарда (ҚК-нің 120 және 121 баптарында) 2 және 3 бөліктерінде бас бостандығынан айыру жазалау мерзімдерінің төменгі және жоғарғы шектері ұлғайтылды. 2 бөлім – 9-дан 12 жылға дейін (бұрын 5-тен 10-ға дейін), 3 бөлім – төменгі шегі ұлғайтылды, 12-ден 15 жылға дейін (бұрын 10-нан 15-ке дейін), - деді Қайсар Сұлтанбаев

Сұлтанбаев қылмыстық кодекстің 120 және 121 баптарына біліктілік белгілерін қоса отырып, 3-2 бөлігінің толықтырылғанын айта кетті. Біріншіден, екі және одан да көп кәмелетке толмағандарға қатысты жасалды. Екіншіден, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққанда – олар үшін 17 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.

ҚК-нің 120 және 121 баптарының 4 бөлігінде 20 жыл не өмір бойына бас бостандығынан айыру бірыңғай шегі белгілене отырып, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның мөлшері қатаңдатылды. ҚК-нің 122 бабының 3 бөлігі жаңа тармақпен толықтырылды (бұрын 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен бір тармақтан тұрды) және 2 тармақтан редакциялық түрде қалыптастырылды. Бірінші тармақта бірнеше рет, екінші тармақта екі және одан да көп адамға қатысты, жазаның төменгі және жоғарғы шегін ұлғайта отырып бас бостандығынан айыру 10-нан 15 жылға дейін созылды, - деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға