Жаңалықтар

"Адал сайлау үшін" штабы сайлауалды мәселелерге қатысты жауап береді

"Адал сайлау үшін" штабы сайлауалды мәселелерге қатысты жауап береді
Фото: El.kz 14.02.2023 14:47 1688

14 ақпан сағат 16:00-де "Адал сайлау үшін" штабы мүшелерінің қоғамдық алаңға мониторинг жүргізу нәтижелері және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлау науқаны алдындағы ахуалды бағалау туралы көпшілікке хабарлау мақсатында "Қазақстан заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде БАҚ үшін брифингі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Журналистермен жұмысты келесі спикерлер жүргізеді:

Ақылбай Серік Байсейітұлы – "Қазақстан заңгерлер одағы" РҚБ төрағасы, "Адал сайлау үшін" штабының басшысы; штаб мүшелері: Ақжанов Әбдікарым Арынұлы – "Қазақстан заңгерлер одағы" РҚБ атқарушы директоры; Аринова Алтынай Хайдарқызы– "Қазақстан заңгерлер одағы" ШҚО бойынша филиалының төрағасы; Жампейісов Думан Әбілтайұлы - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының электоралды оқыту орталығы басшысының орынбасары, "Құқықтану"мамандығы бойынша PhD; Сихымбаев Нұрлан Жолдасбекұлы-Жетісу облысының адвокаты; Әнуарбек Әділбекұлы Сқақов - "Қазақстан заңгерлер одағы" РҚБ Орталық кеңесінің мүшесі.

Бұған дейін хабарланғандай, өткен жылдың 27 қыркүйегінде еліміздің заңгерлер қауымдастығын шоғырландыру мақсатында "Қазақстан заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің базасында "Адал сайлау үшін" штабы құрылды.

Мақсаты-Конституциялық реформа ережелерінің жария өрісінде заң қоғамдастығын құқықтық сүйемелдеу, атап айтқанда сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру, сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға