Жаңалықтар

«Адал сайлау үшін» штабы өңірлердегі жұмысын қорытындылады

«Адал сайлау үшін» штабы өңірлердегі жұмысын қорытындылады
Фото: El.kz 18.11.2022 12:29 1579

Кезектен тыс Президент сайлауына байланысты құрылған «Адал сайлау үшін» штабы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды El.kz.

«Қазақстан заңгерлер одағының» жанында құрылған «Адал сайлау үшін» штабы 27 қыркүйек пен 18 қазан аралығында республика бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

«Штабтың мақсаты Қазақстан халқының Конституциялық құқықтарын білуі, сайлауға қатысуы, сондай-ақ президенттің кейбір заңдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. «Адал сайлау үшін» штабына орталық штаттан 7 адам, ал республика бойынша 120 заңгер мүше болды. Жезқазған, Қарағанды, Ақтөбе, Орал және Алматы қалаларында халықпен кездесу өтті. Онлайн форматта да түсіндіру жұмыстары жасалды. 40 күннің ішінде  40-қа жуық халықпен кездесу ұйымдастырылды, 60-қа жуық ақпарат орталықтарында кездесу өтті», – деді «Адал сайлау үшін» штаб басшысы Серік Ақылбай.

Штаб мүшелері  БҚО мен Ұлытау облысында және Алматы мен Ақтөбе қаласында кәсіпорындардың, ұйымдардың еңбек ұжымдарымен, ҮЕҰ, кәсіподақтар, еріктілер қозғалыстарының өкілдерімен де кездесу өткізді.  

Оқушы жастар-студенттердің электоралдық белсенділігін арттыру мақсатында Астана, Алматы қалаларының, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының ЖОО-да кездесу ұйымдастырды.

Еске сала кетейік, 19 қараша күні үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстары жүргізілмейді. 20 қараша күні қазақстандықтар өз учаскесінде сағат 06:00-ден бастап дауыс бере алады. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға