«Adal» партиясы өз қызметін тоқтатты
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz
26.12.2022 15:48
1263
«Adal» партиясы өз қызметін тоқтатуға құжат тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Adal» партиясы 2022 жылдың сәуірінен «AMANAT» партиясының құрамына кірген еді.
Азаматтық кодекстің 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 желтоқсанда «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігіне қосылу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі қызметінің тоқтатылуын тіркеу жүргізілді.
«ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 2 кезекстен тыс съездінің хаттамасы, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі кезектен тыс ХХІІІ съездінің хаттамасы заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеуге негіз болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мұрат Нұртілеу Хорватия Премьер-министрімен кездесті