Жаңалықтар

Қадағалау актісі бойынша мемлекетке 21 млрд теңге өндірілді– Бас прокуратура

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді
Қадағалау актісі бойынша мемлекетке 21 млрд теңге өндірілді–  Бас прокуратура
Фото: ortcom.kz 08.09.2022 20:46 927

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың басында прокуратура органдары кедендік саласында тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

​Тексеру сыртқы экономикалық қызметтің (бұдан әрі – СЭҚ) жекелеген қатысушылары Қытай Халық Республикасынан тауарларды әкелу нарығын монополияландырып алғанын көрсетті.

​Олардың әрқайсысы белгілі бір тауарларға (аяқ киім, киім, қосалқы бөлшектер, техника, жемістер, көкөністер және т.б.) маманданып, елдің нақты аймақтарын өз арасында бөлген.  

​Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару үшін импорттаушылар тобы 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, әкелінетін тауарлардың құнын жүйелі түрде төмендетіп отырған.

​Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті 10 компанияға 107 млрд теңге сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама берді.

​Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 236-бабы – кедендік  төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

​Бүгінгі таңда СЭҚ-тың 7 қатысушысы («Tex Alliance», «Almobi Group», «Ехргеѕѕ Кеден Сервис», «Group of the companies TDA», «Ai-To Progress», «Global Logistics Ved» және «TL NIKA кеден» ЖШС) қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 21 млрд теңге қайтарды.

​Қалған қоса есептелген сомаларды өндіріп алу, оның ішінде аталған компаниялардың кепілдік мүлкі есебі арқылы жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға