СДД

Абзал Ажғалиев әлемдік турдың ширек финалында сынға түседі

29.11.2025 17:42

Абзал Ажғалиев әлемдік турдың 4-кезеңінің ширек финалында сынға түседі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Нидерландының Дордрехт қаласында шорт-тректен әлемдік турдың 4-кезеңінің үшінші жарыс күні өтіп жатыр.

500 метрге ерлер арасындағы қосымша сайыста шорт-трекшіміз Абзал Ажғалиев 41.242 уақыт нәтижемен мәреге бірінші болып жетіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды. Бұл қашықтықта тағы бір отандасымыз Денис Никиша бақ сынайды. Ақтық сайыстар  бүгінге жоспарланған.