Жаңалықтар

Абылайхан Жұбаназардың неліктен жеңілгенін бапкері түсіндірді

Абылайхан Жұбаназардың неліктен жеңілгенін бапкері түсіндірді
Фото: Olympic.kz 05.03.2024 04:42 1035

Дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қален Қалиұлы Ташкенттегі Grand Slam турнирінде өнер көрсеткен жеке шәкірттерінің аяқ алысын бағамдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетелік, Ташкенттегі турнирде Қален Қалиұлының екі шәкірті  - Абылайхан Жұбаназар (81 келі) мен Нұрлыхан Шархан (100 келі) өнер көрсет еді. 

Абылайхан өз салмағында бестікке енсе, Нұрлыхан бірінші айналымда жеңіліс тапты. 

Өкінішке қарай, Ташкенттегі Grand Slam турнирінен жүлдесіз келдік. Негізі, нағыз ұпай жинайтын жарыс еді. Абылайхан Жұбаназар қола медаль үшін күресте үш дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының жеңімпазы Таканори Нагасэмен кездесті. Бұл белдесуде біздің спортшымыздың бір қатесі бәрін шешіп кетті. Егер сол қателік болмағанда, Абылайхан турнирдің қола медалін алып тұр еді. Қарсыласы айлаға көп барды. Осы турнирде Жұбаназардың еншісіне 360 ұпай жазылды. Бұл да жаман көрсеткіш емес. Ал Нұрлыхан Шарханның дайындығы сәл жетіспей қалды. Ол эмоционалды тұрғыда өзіне тым сенімді болған. Кейін сол эмоцияларды басқара алмады, соның салдарынан өзі ойлаған әдістер жүзеге асқан жоқ, - деді спортшылардың жеке жаттықтырушысы. 

Ташкенттегі турнирден соң Абылайхан Жұбаназар олимпиадалық рейтингте 15-орында, Нұрлыхан Шархан 18-орында келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға