Жаңалықтар

Абылай Мырзахметов ісі сотқа жолданды

Абылай Мырзахметов ісі сотқа жолданды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 29.12.2023 21:29 1415

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Атамекен» ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов ісі сотқа жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Абылай Мырзахметов биылғы 10 мамырда ұсталды. 

Ол алаяқтық жасады және аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр. 

«10 мамырда „Атамекен“ ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ұсталды. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінді. Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген Антикор хабарламасында.

Еске сала кетейік, Абылай Мырзахметов өткен жылы 18 ақпанда «Атамекен» ҰКП басқарма төрағалығынан өз еркімен бас тартқан. 

Айта кетейік, Абылай Мырзахметов әр жылдары Премьер-Министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі және басқа қызметтерді атқарған, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына 2013-2022 жылдары төрағалық еткен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға