Әбужақынова мен Сметов әлем чемпионатын жалғастырады
19.05.2024 14:43
Фото:
Дзюдо федерациясы
Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова әлем чемпионатын ары қарай күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екінші белдесуінде Елдос Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Жинді қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтты. Белдесу барысында отандасымыз екі рет шидо иеленді. Әрі құрама бапкері төрешіден ескер алып, татами шетінен қуылды. Елдос кездесу бойы тоқтаусыз шабуылдан қосымша уақытта нәтижелі әдіс жасады. Енді ол Бразилия балуаны Мишель Аугустамен 1/8 финалда күреседі.
Абиба Әбужақынова бірінші айналымда бос болып, жарысты екінші кезеңнен жалғастырды. Ол шешуші белдесуде түрік қызы Сила Ерсінді қосымша уақытта иппонмен ұтты. Әбужақынова енді Словения балуаны Маруса Стангармен ширек финал жолдамасы үшін күреседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

