Жаңалықтар

Әбілхан Аманқұл "Канелоның" бокс кешінде қарсыласын екінші раундта сұлатып салды

Әбілхан Аманқұл "Канелоның" бокс кешінде қарсыласын  екінші раундта сұлатып салды
Фото: instagram.com/amankul.abilkhan 07.05.2023 09:15 1214

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) Сапопанда Сауль «Канело» Альварестің бокс кешіндегі андеркардта өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жамбыл облысының өкілі Аманқұл мексикалық Фабиан Риос Фраустоға (7-6-3, 4 КО) қарсы жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек супер жартылай салмақта  8 раунд бойынша өтті. Отандасымыз қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, нәтижесінде жеңіске жетті. 

Кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізген Әбілхан Аманқұл Фабиан Риос Фраустоға осылайша еш мүмкіндік бермеді. 

Аманқұл әуесқой бокста әлем чемпионатының (2017) күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2018), сондай-ақ Азия чемпионатының (2017) қола жүлдегері атанған. Токио Олимпиадасында ширек финалға дейін жетіп, бразилиялық боксшысына есе жіберген еді. Бүгінде ол Сауль Альварестің залында Эдди Рейносоның жетекшілігімен жаттығып жүр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға