Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады
27.07.2024 16:21
Фото:
Дзюдо федерациясы
Париж Олимпиадасында дзюдодан ел намысын қорғап жатқан Абиба Әбужақынова жартылай финалға шығар сында есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол ширек финалдық белдесуде испаниялық Лаура Мартинез Абелендамен белдескен болатын. Ол негізгі уақытта әдіс бойынша қарсыласынан басым түсе алмады. Төреші белдесуде отандасымызға 1 шидо берсе, қосымша уақытта тағы бір ескерту жасады.
Алайда шешуші сәтте Абибаға Испания өкілі нәтижелі әдіс жасап, қарсыласын қапы қалдырды. Осылайша ұлттық құрама мүшесі енді жұбаныш белдесуін Парагвай балуаны Габриэла Нарваезбен татамиге шығады.
Абиба Әбужақынова іріктеу кезеңдерінде Израиль, Тайпей спортшыларын айқын ұтқан болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

