Жаңалықтар

Абиба Әбужақынова мен Елдос Сметов келесі кезеңге шықты

Абиба Әбужақынова мен Елдос Сметов келесі кезеңге шықты
Фото: Olympic.kz 27.07.2024 14:20 5894

Парижде өтіп жатқан Олимпиада Ойындарында Абиба Әбужақынова мен Елдос Сметов қарсыластарынан басым түсіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абиба Әбужақынова бірінші кездесуінде Израиль балуанынан вазари ұпайымен басым түсті. Ол кездесу барысында екі рет ескерту алғанына қарамастан өзінің әдісін жасай алды. Абиба енді Тайпей мен Колумбия балуандары жұбының жеңімпазымен күреседі. 

Ал Елдос Сметов екінші айналымда Украина балуаны Дильшод Халматовтың вазари ұпайымен ұтты. Енді отандасымыз ширек финалда тайпейлік балуанмен күреседі. Айта кететін жайт, Тайпей өкілі Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға