Дзюдодан 48 келіде күресетін Қазақстан спортшысы Абиба Әбужақынова Антальяда басталған Гранд Слэм турнирінде қола медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
А.Әбужақынова бүгінгі сында жартылай финалға дейін жетіп, жапон дзюдошысы Цунода Натсумиден ұтылды. Осылайша ол қола медаль үшін ресейлік дзюдошысы Сабина Гилязовмен күресіп, қосымша уақытта басым түсті.
Бүгін Қазақстан дзюдошысы іріктеу кезеңдерінде Португалия, Ресей, АҚШ дюдошыларын қапы қалдырды. 48 келіде әлем бойынша 4-ші орын тұрған жерлесіміз 500 ұпай иеленіп отыр. Сондай-ақ, ол жыл басынан бері өзі қатысқан 4-ші жарыстың барлығында жүлдегер атанған жайы бар.
Абиба Әбужақыновадан өзге күрескен Қазақстан дзюдошылары есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

