Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды
29.11.2025 10:07
Фото:
ҰОК
Қазақстан құрамасының дзюдошысы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үшінші орын алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде Әбиба Испания спортшысы Ева Перес Солермен күресті.
Тартысты белдесуде отандасымыз жеңіске жетті.
Осылайша, Әбужақынова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Айта кетейік, алғашқы жарыс күні финалдық кезеңге тек Әбиба Әбужақынова жетті.

