Абдуқодир Хусанов «Ман Сити» ойыншысы атанды
20.01.2025 23:17
Фото:
instagram.com/mancity
Өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов "Манчестер Сити" ойыншысы атанды. Қос тарап 5 жылға жарамды келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, бұған дейін өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов өзінің агенті Ұлықбек Асанбаевпен бірге Манчестерге ұшып барғаны туралы жазған болатынбыз.
20 жастағы футболшы британиялық ұжыммен келісімшартқа қол қойған және енді 45-нөмірмен өнер көрсетеді. Келісімшартқа қол қою рәсіміне «қалалықтардың» бас бапкері Пеп Гвардиола қатысты.
Бұған дейін Өзбекстан құрамасының ойыншысы Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубында өнер көрсетіп, сонан соң француздың «Ланс» сапына ауысқан. «Ланс» 20 жастағы қорғаушының трансферінен 40 млн еуро пайда тапқан.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

