Абайды қытай тіліне аударған қазақ жазушысы «Отандастар» форумының маңызы туралы айтты
11.10.2023 10:57
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Қытайдағы қазақ жазушысы Әкбар Мәжитұлы «Отандастар» форумының қажет екенін айтты. Ол сондай-ақ бірнеше мәселені көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Отандастар» қоры бастаған тамаша бастама шетелдегі қазақ ақын-жазушыларының кітаптарын басып шығару қаржысын ұлғайту қажет. Сондай-ақ шетелдегі ақын-жазушыларды мемлекеттік әдеби сыйлықтарды беру мәселесі өзекті, - деді ол.
Айта кетейік, ол 2020 жылы аспан асты елінде «Абайдың» қара сөздерін қытай тіліне аударған. Сондай-ақ қытай мен қазақ дипломатиясының 30 жылдығы құрметіне қазақтың 30 әнін қытай тіліне аударған. Осы еңбегі үшін президенттің жарлығымен «Достық» орденімен марапатталған.
Бұған дейін елордада «Отандастар» форумы басталғанын хабарлағанбыз.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

