Жаңалықтар

Абай облысында жел электр станциясы іске қосылды

 Сонымен қатар жоба шеңберінде шамамен 15 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Абай облысында жел электр станциясы іске қосылды
Фото: 1news.zp.ua 29.07.2022 22:37 2593

Абай облысының Аягөз ауданында 2025 жылға дейін кемінде 2400 МВт жаңартылатын энергия көздерінің қуатын іске қосу жөніндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында қуаты 100 МВт «Абай-1» жел электр станциясы іске қосылды, деп хабарлайды EL.KZ.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жобаны іске асыру желіде шамамен 300 млн.кВт.сағ. қосымша электр энергиясын беруге мүмкіндік беретін ЖЭК көздерін елдің жалпы энергия жүйесіне белсенді интеграциялаудың жалғасы. Сонымен қатар жоба шеңберінде шамамен 15 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі тұжырымдамасында және Қазақстан-2050 стратегиясында елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2025 жылы 6%-ға, 2030 жылы 15%-ға және 2050 жылы 50%-ға (баламалы көздерді ескере отырып) жеткізу мақсаттары бекітілді – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға