Жаңалықтар

Абай университеті 12 жаңа білім беру бағдарламасын пилоттық түрде іске қосты

Абай университеті 12 жаңа білім беру бағдарламасын пилоттық түрде іске қосты
Фото: gov.kz 24.10.2023 03:34 688

Абай университеті Финляндия мен Назарбаев Университетінің сарапшыларының қатысуымен «Педагогикалық әлеуетті күшейту» жобасы аясында әзірленген мұғалімдерді даярлау бойынша 12 инновациялық білім беру бағдарламасын пилоттық түрде іске қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған бағдарламалар бойынша университет география, физика, математика, информатика, арнайы педагогика, көркемдік білім, музыкалық білім, дене шынықтыру және тарих-әлеуметтік зерттеулер пәндері бойынша жаңа форматтағы мектептердің болашақ мұғалімдерін даярлайды.

Соңғы жылдардағы сұраныс магистратураның инновациялық бағдарламаларын құруға түрткі болды, осының негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ Аутизм спектрі бұзылған балаларды қолдау үшін цифрлық және арнайы педагог кадрларын даярлауда.

Жаңа бағдарламаларға барлығы 718 адам қабылданды, оның 63-і магистратура бағдарламаларын таңдады. Бұл бағдарламалар іс жүзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы 5 қазандағы І Республикалық педагогтар съезінде сөйлеген сөзіне жауап болып табылады. «...Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға қатысты бағдарламалардың басым бөлігі заман талабын ескермейтін бұрынғы әдістемелерге негізделген. Заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Инновациялық бағдарламалардың жаңашылдығы мұғалімдерді даярлау бойынша кең таралған тәсілдер мен оқыту технологияларын қамтиды. Олар мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамыту; белсенді оқытуға ықпал ететін студенттерге бағытталған тәсіл мен әдістемелер; мұғалімнің жұмсақ/жалпы дағдыларын дамыту; әртүрлі оқушыларды тану және инклюзия; мұғалімдердің кәсіби дамуы және өзгерістерді басқару; зерттеуге негізделген оқыту; пәнаралық оқыту бағыттарымен ерекшеленеді.

Жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдерін даярлау үшін STEM (Science Technology Engineering and Math) оқыту ортақ технологиясы қолданылады. Жаңа бағдарламаларда пәндерге емес, мұғалімнің еңбек әрекетіне негізделген құзіреттілікке баса назар аударылған. Құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламасының сапасы студентке бағдарлануында және оқу үдерісіне дейін, барысында және одан кейін құзыреттіліктерді бағалау, анықтау және тануда қолданудың ыңғайлылығымен көрінеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға