Абай өңірінде балалар үшін воркаут алаңы пайдалануға берілді
31.08.2025 07:33
Фото:
Абай облысының әкімдігі
Абай облысының Бородулиха ауданының Березовка ауылында Конституцияның 30 жылдығына орай жаңа воркаут алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Екі жыл қатарынан өткен есептік кездесулерде ауыл тұрғындары балаларға арналған ойын алаңын салу туралы ұсыныс білдірген болатын. Халықтың осы талабы ескеріліп, заманауи алаң пайдалануға беріліп отыр.
Ашылу салтанатында балаларға арналған қызықты ойындар ұйымдастырылып, тәттілер мен футбол доптары тарту етілді.
Жаңа алаң ауыл тұрғындарына спортпен шұғылданып, денсаулықты нығайтуға мүмкіндік бермек.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

