Абай облысының ТЖД: Қаракөл ауылындағы үйлерді су басу қаупі жоқ
27.03.2024 01:18
Фото:
Видеодан кадр
Жаңасемей ауданы Озерки ауылдық округінің Қаракөл ауылындағы жағдай тұрақты. Бұл туралы Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Орымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
26 наурыз сағат 23.00-дегі жағдай бойынша еріген қар суын уақытылы бұру шараларының нәтижесінде аулалардағы су деңгейі азайды. Тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басу қаупі жоқ.
Қазіргі жағдайды бақылау үшін жергілікті атқарушы органның және Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары сол жерде қалады.
Зардап шеккендер жоқ, жағдай тұрақты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

