Жаңалықтар

Абай облысының Ресеймен шекарасында орман өртеніп жатыр

Абай облысының Ресеймен шекарасында орман өртеніп жатыр
Фото: instagram/oo_osa_semey_vko 23.05.2023 01:10 1287

Абай облысында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

22 мамырда «101» пультіне Бородулиха ауданынан 7 шақырым жердегі Ауыл станциясында, Алтай өлкесінің Новенькая ауылы маңында құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өрт «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағына дейін өсті. Березовка ауылындағы санаторийге қауіп төніп тұр. Өрттің аумағы 57-70 гектарды құрайды. 41 адамнан тұратын ТЖД бригадасы, 14 техника мен 1 КШМ, орман шаруашылығынан 157 адам мен 44 техника өртті сөндіруде. Жергілікті атқару органдарынан КамАЗ-су тасушы, 3 МТЗ жіберілді. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінен тұратын 4 адам, 2 техника тұрғындарды ақпараттандырумен айналысуда, - делінген Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.  

Абай облысы ТЖД дағдарыс орталығында штаб құрылды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға