Абай облысының құтқарушылары тұрғын үйдегі өртті сөндірді
28.12.2024 04:30
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Семей қаласындағы Екінші жағалау көшесінде орналасқан көппәтерлі жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер үйдің шатыры мен ішіндегі жеке заттардың жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылардың шұғыл әрекетінің арқасында өрт ауыздықталып, жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрайтын жалын сөндірілді.
Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өрттің алдын алу шараларын ескеріп, абай болу – қайғылы жағдайларды болдырмаудың басты кепілі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

