Жаңалықтар

Абай облысының Мақаншы ауданындағы ахуал айтылды

Абай облысының Мақаншы ауданындағы ахуал айтылды
Фото: Видеодан кадр 10.03.2024 07:28 913

Мақаншы ауылынан 11 шақырым жерде облыстық маңызы бар "Мақаншы-Жаланашкөл" автожолында қардың қарқынды еруіне байланысты жол төсемі арқылы еріген су құйылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Автокөлік қозғалысы тоқтатылды, айналма жолдар бар. Полиция департаментінің күшімен айналма жол бойынша қозғалыс жүзеге асырылады, тыйым салу белгілері қойылды.

"Ярус" ЖШС жол қызметі мониторинг жүргізуде. Елді мекендерге жол төсемінің шайылып кету қаупі және су басу қаупі жоқ. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта жергілікті жерде ЖАО 50-ге жуық адам және 4 техника жұмыс атқарып жатыр.

Қосымша Аягөз қаласының Жедел-құтқару жасағының және Мақаншы ауылының № 18 Өрт сөндіру бөлімінің күштері, жеке құрамның 12 адамы, 7 бірлік техника (жүзу құралы, мотопомпа) жіберілді.

Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин мен Үржар ауданының ТЖБ бастығы Бектығазы Саянов оқиға орнында. Жағдай бақылауда.

Семей қаласы мен Абай облысы ТЖД-дан 25-ке жуық адам, 10-ға жуық техника (жүзу құралы, мотопомпалар) жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға