Абай облысының 1 жылдығына орай қолөнер шеберлері алаңы ашылды
Абай облысының құрылуына бір жыл толуына орай Семейде қолөнершілер, шеберлер мен суретшілер алаңы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкіміқолөнершілерді қолдап, оларға өңірдің шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Аталған шара қолөнершілер мен суретшілердің еңбегін бағалауға, қазақ халық оркестрін насихаттауға мүмкіндік бермек. Қала тұрғындары мен қонақтарының серуендеуіне қолайлы жағдай жасалған.
Шығармашылық алаңның ашылу салтанатында бабадан қалған әндерді қаз қалпында нақышына келтіріп орындайтын «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрі мерекелік бағдарлама ұсынды.
Ата-бабамыздан қалған және жаңа әдіспен жасалатын қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабақ өткізілді. Шеберлердің бір-бірімен тәжірибе алмасуға да мүмкіндік пайда болды.